Bugin
Украинаның Сумы облысы орыс басқыншыларынан толықтай азат етілді. Бұл туралы облыстық әскери басқарманың басшысы Дмитрий Живицкий Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Облыс аумағы басқыншылардан тазарды. Егер жарылыстарды естіп қалсаңыз, бұл құтқарушылар мен жарылғыш техниктер жұмыс істеп жатыр деген сөз. Олар ресейлік әскерилердің біздің жерге қалдырған оқ-дәрілерін залалсыздандыруда», - деді шенеунік.
Сонымен қатар, ол миналанған және тексерілмеген учаскелердің көптігіне байланысты аймақ әлі де қауіпті екенін атап өтті
- «Жол жиегіне шығып кетпеңіз және орман жолдарын пайдаланбаңыз. Қираған техникаға немесе басқыншылар лагерлеріне жақындамаңыз! Ол жерден әлі қауіп бар екенін білеміз. Алайда, тазалаудың уақыты әлі жеткен жоқ. Бірінші міндетіміз, миналардан тазарту», - деді Живицкий.