Bugin

Қытай Сыртқы істер министрі Украинадағы соғыстың басты себебін атады 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Украинадағы дағдарыстың түпкі себебін атады. Ван И бұл пікірін Франция президентінің дипломатиялық кеңесшісі Эммануэль Боннмен сұхбатында білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы pnp.ru сайтына сілтеме жасап.    

ҚХР Сыртқы істер министрінің пікірінше, Еуропадағы тұрақтылық пен тәртіпті сақтау үшін «Еуропалық қауіпсіздіктің теңдестірілген, тиімді және тұрақты жүйесін қайта құрып, оны «бөлінбейтін қауіпсіздік қағидатына» сәйкес келтіру керек. Ван И барлық тараптар бейбіт келіссөздерді жеңілдету үшін қажетті орта мен жағдай жасауы керектігін айтты.  

Сондай-ақ, ол соғысты тоқтатуды сұрай бергеннен гөрі қару-жарақ пен техниканы жеткізуді доғарған жөн деп санайды. Себебі, қару-жарақ беру әскери қақтығысты одан әрі қоздыра түседі дейді министр. 

Қытай Сыртқы істер министрі Ван И тез арада соғысты тоқтатуға және бейбітшілікті қалпына келтіруге ниетті екенін білдіріп, ол үшін бар күшін салатынын жеткізді.