Bugin

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен сенбілік 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенбіліктің қоғамның назарын  қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осы ретте Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен сәуірдің 9 жұлдызында Алматыда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Осы аталған тазалық шарасына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары, студенттері, магистранттары, докторанттары да белсенді қатыстып, бір кісідей ат салысты. 

Білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қалашық аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде университет аумағындағы қоқыстар жиналып, ағаш түптері ағартылды. Сонымен қатар, әр факультеттің студенттері өздерінің оқу корпустары мен жатақханаларының айналасында тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.  

Сенбілікке 10-ға жуық техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында өтті. Жалпықалалық сенбілікке коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері мен 400-ден астам арнайы техникасы жұмылдырылды. Сағат 9:00-дан басталған тазалық шарасы  сағат 12:00-ге дейін жалғасты. 

Бұл шара табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. Түптеп айтқанда, жалпықалалық сенбілік серпінді өтті деуге негіз бар. 

 

Гүлжан Болатова, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 

Жалғас Иманалиев, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика 

және қоғамдық медиа кафедрасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті