Bugin

Танымы мол ғажайып мұражай 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығында орналасқан биологиялық мұражай 1936 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Университет стундеттері мен мектеп оқушылары үшін зерттеушілік  зор мәнге ие музей тарихының тамыры тереңде жатыр. Факультетте музейді ашу мақсаты – Қазақстан фаунасының қорын жасақтау, оны сабақ барысында және ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалану болатын.  

Биологиялық музей үлкен көрме залынан және екі сыртқы қабырға сөрелерінен және таксидермиялық қайта өңдеу зертханасынан  тұрады. Сонымен қатар, көрме залының ең жоғарғы бөлігінде жер бітінен жойылып кеткен жануарлардың түрлері туралы қысқаша мәлімет берілген.  

Музейдің қабырға сөрелері бірінші және екінші қабаттарда орналасқан: «Жануарлар дүниесінің жүйелілігі» – 40 витрина және «Өсімдіктер әлемінің жүйелілігі» – 26 витрина. Бұлар 1977 жылы ашылған. Музей қорын қалыптастырған В.Инитников, М.Зверев, А.Слудский, Л.Байтуллина, Қ.Мұсабеков т.б. көптеген ғалымдардың жасаған экспедициялық зерттеу жұмыстары, суреттері жануарлармен аңдардың нақты тұлыптары, жазған еңбектері бәрі музейде сақтаулы. Келген зерттеушіге нақты, шынайы және қызықты мағлұматтар көп-ақ. 

Қорыта айтқанда, музей жыл сайын мыңдаған студенттер мен магистранттардың, докторанттардың ғылыми жұмыстарына арқау болып, қорықтардағы, ормандардағы, шөлді аймақтардағы аң-құстарды зерттеуге үлкен ықпал жасайды. Ал мектеп оқушылары үшін өте қызықты: олар музейді аралағанда кітаптағы, бейне жазбадағы өсімдіктер әлемі мен жануарлар әлеміне шынайы саяхат жасағандай болады.       

 

Гүлжан Болатова, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 

Жалғас Иманалиев 

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті