Bugin

Қоғамдық көлікте 27 жастағы әйелге бұрынғы күйеуі пышақпен шабуыл жасады (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда 27 жастағы әйелге бұрынғы күйеуі пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«NeMolchi.kz» қоғамдық қорының мәліметінше, оқиға автобуста болған. Екі баланың анасы 27 жастағы әйелге бұрынғы күйеуі пышақпен шабуыл жасаған.

Қор жариялаған кадрларға қарағанда, әйел мен ер адам әуелі әңгіме-дүкен құрған. Ер адам әйелге физикалық күш көрсете бастағаннан кейін оның қолында пышаққа ұқсас зат көрінеді. Шабуылдаушыны ұстауға автобус жолаушылардың бірі көмектескен.

Алматы полиция департаменті бұл факті Алатау аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс бойынша біліктілік беріліп, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады» - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.