МӘДЕНИЕТ

"Eurasian Book Fair – 2023" Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

19-23 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтетін «Eurasian Book Fair – 2023» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Еуразия кеңістігіндегі ең ауқымды кітап көрмесіне Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Түркия және т.б. елдерден 60-тан астам баспалар мен ұйымдар  қатысады.

Кітап нарығындағы жаңа басылымдар мен әлем әдебиетінің үздік туындылары ұсынылатын ауқымды шара 5 күнге созылады.

Іс-шара барысында танымал блогерлермен кездесулер, әлемдік бестселлерлер мен балалар кітаптарының тұсаукесерлері, балаларға арналған тегін шеберлік сағаттары және қымбат сыйлықтардың ұтыстары өткізіледі. Сонымен қатар кітаптар баспа бағасымен сатылады.

Өтетін жері: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1;

Өтетін уақыты: 19-23 сәуір 2023 жыл.

Ұйымдастырушы: "Фолиант" баспасы