Bugin
Бас прокуратура Абай облысында 14 адамның өмірін қиған орман өрті фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы қадағалау органының ресми сайтында хабарланды.
Ведомство мәліметінше, 9 маусым күні Абай облысының орман алқабында орын алған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қылмыстық іс арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне қабылданды. Құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Сонымен қатар адамдардың қаза болуына және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды назарға ала отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Оны тергеп-тексеру аясында жауапты лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады – делінген хабарламада.