Түркі әлемі

Түбі бір түркі әлемі

Түркі мәдениеті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан бүгінгі күні бүкіл түркі жұртшылығының қасиетті де көне шаңырағы. Бүгінгі тәуелсіз қазақтың сайын даласынан тараған түркі  тайпалар мен рулар,халықтар әлемнің біраз бөлігін жайлап, сол елдердің тарихына, өсіп -жетіліп дамуына өз үлестерін қосты. Осынау ұлан байтақ атырап күллі қазақ жұртшылығының басына біткен тәж ғана емес, сонымен қатар бүткіл түркі жұртшылығының да киелі бесігі саналады. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдық орта тұсында тарихтан ойып тұрып орын алар Түркі дүниесі пайда болып та Ұлы дала төсінде жаңа бір кезең басталды.

Осынау ұлан байтақ кеңістікті меңгернен Түркілер орта ғасырда көшпелі және отырықшы мәдениеттің керемет үлгісін қалыптастырып, өнер мен білімнің, мәдениет пен өркеиеттің ошағын қалыптастырып, ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Оған дәлел ортағасырлық әлем ойшылдарының бірі Әбу Насыр әл-Фарабиді өмірге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі болған Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ислам жайлы ілім таратқан.

Бұл дәуірде түркілер Орта Азия мемлекеттерімен экономикалық-саяси байланысты болып,цивилизацияның дамуына көп үлестерін қосқан. Қару-жарақ жасаудың тың һәм жетік жолдарын меңгеріп,соғыс өнері ман стратегияларын қатты дамытқан.

Тарихта Түркілер Қытай өркениетінің дамуына өз үлестерін қосқандығы жайлы да көп мәлімдемелер жасалып жүр. Оған дәлел қазіргі Қытайда және Тынық мұхиты жағалауындаүы елдерде қолданылып жүрген он екі жылдық күнтізбе- мүшелде осы түркі дәуірінде пайда болып,жоғарыда аталған мемлекеттерге кейіннен таралған деген ғалымдар тұжырымдамалары да айтылып жүр. Көне түркілердің шабуылдарынан қорғану үшін салынған "Ұлы Қытай Қорғаны" осының мысалы.