Түркі әлемі

Халықаралық Түркі академиясы және ЮНЕСКО бірігіп форум өткізеді

«Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы ролі» атты форум

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 15 мамыр күні ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде  Халықаралық Түркі Академиясы Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырған «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы ролі (Great Steppe: Cultural Heritage and Role in the World History)» атты халықаралық форум өтеді. Аталған ауқымды іс шараны Түркі Академиясы ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізеді.    

Жиында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылау және Ұлы дала тарихын жаңадан пайымдау жолдары қаралмақ.         

Халықаралық жиынға Америка Құрама Штаттары, Ресей, Үндістан, Қытай, Ұлыбритания, Әзербайжан,  Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Латвия,  Голландия және Мажарстан сынды елдерден70- ке жуық  ғалым және ЮНЕСКО өкілдері  қатысады.

Форумға қатысушы ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері «Ұлы дала»: кеңістік пен уақыт көкжиектері», «Түркі өркениеті және оның  әлемдік мәдениетке қосқан үлесі» және «Түркі тарихын қайта бағамдау: жаңа әдістер мен жаңа мүмкіндіктер»деп аталатын үш сессияда ғылыми талқылаулар өткізіп, пікір алмасады.   

Биылғы жиын түркі тілдес елдердің тарихында айрықша орны бар Алтын орда мен Моғолстанның құрылуына ықпал еткен Талас құрылтайының 750, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының жазылуының 950, ақын Имадеддин Насимидің 650 жылдығы секілді айтулы тарихи даталармен тұспа-тұс келіп отыр.