Авторлық ертегі

ТОП-10: Алаш қырандарының сөздері (1-бөлім)

Алаш қырандарының өмірі біз үшін үлгі мен өнегеге толы. Одан сабақ алып, өмірде қолданбасақ, пайдасы жоқ. Назарларыңызға Алаш қырандары сөздерінің бірінші бөлімін ұсынамын. Өз ойларыңыз бен пікірлеріңізді жаза отырыңыздар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1.     Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес. © Қаныш Сәтбаев

2.     Ақиқат қанша алдыға жетелегенімен, тұман басқан дәуірде адаспай тұралмайды екенсің. © Шоқан Уәлиханов

3.     Тыныштық іздеп таба алмай жүрген жұрт тыныштық көрсе, сәтке тұрмай тыныштықтан жалыға қалатұғыны қалай? © Абай, 40-сөз

4.     Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?

Быт-шыт болып неге жүрміз әрбір сайда?

Көз жұмып, «көппен көрген ұлый той» деп

Береді бұл надандық кімге пайда?  

© Шәкәрім

5.     Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек. © Ғабит Мүсірепов

6.     Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді – өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. © Бауыржан Момышұлы

7.     Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын? ©Әлихан Бөкейханов

8.     Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. ©Ғабит Мүсірепов

9.     Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. © Абай

10.  Адамдық борышың

Халқыңа қызмет қыл,

Ақ жолдан айныма,

Ар сақта оны біл.

© Шәкәрім