Редактор бағаны

Buginnen basta: Ең белсенді 5 тәуелсіз автор

Bugin жинап, ақша тап!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы – Орта Азиядағы жаңа медианың үлгісін қалыптастырған бірегей жоба. Атап айтқан кезде, тәуелсіз авторлардың сайтқа жазу арқылы ақша табуына мүмкіндік беріп отыр.

Тағы оқыңыз: Buginnen basta: Еңбегіңіз бағаланады!

Бүгін сіздерге тәуелсіз автор ретінде тіркелген 1800 автордың ішінде, ең үздік әрі белсенді бестігін ұсынып отырмыз. Олардың ішінде алғашқы 150 000 b. жинап, 135 000 теңге алған азамат та бар.

1. Асхат Қасенғали    72 мақала/ 281 061 b. 

Тәуелсіз авторлардың ішінде үздік ондықты бастап тұрған Асхат Қасенғали, жоба іске қосылғаннан бастап тоқтаусыз жазып келеді. Әр жазған мақаласы орташа есеппен 5-7 мың bugin индексін жинап отыр. Көтерген тақырыптары мен мәселесі әлеуметтік желідегі топтарда көп оқылады әрі талқылауға түседі. 

Айта кету керек, Асхат тәуелсіз автор ретінде ең бірінші болып өзінің ақшасын алған автор.

2. Мирас  254 мақала / 124 742 b.

Мирас есімді тәуелсіз автор, кез келген тақырыпта жазып жүр. Алғашқы кезде спорт тақырыбында түрлі ақпарат берген автор, кейін әлем жаңалықтарына ауысты. ТОП-10 автордың ішінде екінші орында тұрған Мирастың 135 000 теңгесін алуға сәл ғана bugin индексі жетіспейді. Алайда, біздің жоба негізінде өз ақшасын алған екінші автора атануы бек мүмкін.


3. Alisher 51 мақала / 76 026 b.

Alisher есімді тәуелсіз автор, түрлі тақырыпта зерттеу мақалалар жазып келеді. 

4. Абай Тағыберген   71 мақала / 70 897 b.

Абай Тағы берген тәуелсіз автор ретінде қоғамдағы ең өзекті мәселеге тоқталып, зерттеу мақалалар ұсынып жүр. Одан бөлек, тәуелсіз автордың сұқбаттары сайтта жиі оқылады. 

5. Мәке журналист 141 мақала / 69 287 b.

Автор жоба төлем жүйесін әлі бастамастан бұрын жазып келеді. Оның негізгі тақырыбы – спорт. 


Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасына автор ретінде тіркеліп, мақала ұсынып, қоғамдық мәселені бірге талқылаңыз. Тек жазып қоймайсыз, ақша да таба аласыз! Сәттілік!