Bugin

Абайдың туған күні өзгерді

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «Абайдың туған күні қашан?» тақырыбында пікірталас өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жиынға жиналған ғалымдар, жазушылар мен тарихшылар ұлы ақынның туған күнін нақтылау мақсатында түрлі деректерді көтеріп, пікірталас ұйымдастырды.

Кезінде 10 тамыз деген күн Абайдың ұрпағы Кәкітайдың ұлы Әрқамның естелігіне сүйеніп айтылып келген екен. Бірақ ол жерде ескіше деген сөз ескерілмепті. Ал 1917 жылдан кейін күнтізбе 13 күнге жылжуына байланысты Абай Құнанбайұлының туған күні 23 тамыз деп бекітілді.

Енді мектеп оқулықтары, ақпарат құралдары мен интернеттегі мәліметтерді өзгертуге тура келеді.