Bugin

Алматыны сел алуы мүмкін: Бас құтқарушы ескерту жариялады (Видео)

Қазір Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қарғалы бөгетінің бойында эвакуация жұмыстарын жасап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Департамент басшысының Қарғалы бөгетінің үстінде тұрып видеосына қарағанда, Қарғалы шатқалындағы бірінші көлдің суы 7 метрге дейін төмендеп кеткен.

- Әзірше, өзеннің суы бір деңгейде. Көтеріле қойған жоқ. Егер көлдің суы өзенге төгілсе, шамамен, бөгетке қарай 23 минуттың ішінде тасқын су келуі керек, - деп сөйледі бас құтқарушы.

Қазір бөгет жанында тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Сел басу қаупі бар.

Айта кеткен жөн, бірінші көлдің суы 2015 жылы да арнасынан асып, арты тасқынға айналған еді. Соның себебінен Алматының үш бірдей ауданын су алған еді.

Ал қазір Әуезов пен Алатау аудандарына қауіп төніп тұр.