Bugin

Тоқаевтың ескертуі: Сапарбаев елдің неге Елордаға көп көшіп жатқанын түсіндірді

Мектеп пен балабақша, баспана жетпей жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ескертуіне қатысты пікір білдіріп, өз ойын айтты.

- Елордада тұрғысы келетіндер көп. Кейбірінің баласы оқуға түсті дегендей... Сондықтан көшіп келушілер көп. Бұл жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, елордаға көшіп келушілерді азайту керек. Өйткені қалаға халық сыймай жатыр. Әр қаланың өзінің жоспары мен қуаты болады. Ал Нұр-Сұлтанның тұрғындарына үшін салынған инфрақұрылымдар олардың өздеріне жетпей жатыр. Әсіресе, баспана мәселесі өзекті болып отыр. Әрине, кімнің қайда көшкісі келетіні әр азаматтың өз еркінде. Десе де, ішкі миграцияны реттеу керек. Өйткені Нұр-Сұлтанға келіп алып, үйсіз, жұмыссыз жүру, ең алдымен, азаматтардың өздеріне қиын, - дейді Сапарбаев.

Ал "ал халық ауыл-аймақта жұмыс таба алмағандықтан, жағдай нашар болғандықтан, елордаға көшіп жатқан жоқ па?" деген журналисттердің сауалына Сапарбаев былай деп жауап берді.

- Жоқ, ол үшін көшіп келіп жатқан жоқ. Әр аймақтың өзінің даму бағдарламасы бар. Мұндай мемлекеттер бағдарламалар баспана, жол, мектеп мәселелерін шешу үшін жасалған. Мәселен, бәріңіз білетін "Ауыл – алтын бесігім" бағдарламасы аясында үш мың ауылдың инфрақұрылымы салынып жатыр, - деп түсіндірді Сапарбаев.

Tengrinews.kz