Bugin

Божко Сапарбаевтың пікірін қолдамайтын болып шықты

Ауылдар босап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға жаппай көшіп жатқан ел-жұртты, көші-қонды реттеу қажеттігін айтқан болатын. Яғни, "елордаға халық сыймай жатыр, мектеп пен балабақша, баспана жетпеуде" деген еді.  

Тоқаевтың бұл тапсырмасына пікір білдірген вице-премьер Бердібек Сапарбаев болса, "елордаға ағылып жатқан жұрттың көбі – қалада өмір сүргісі келетін адамдар" дегендей ишарат білдірген еді. Ал "ал халық ауыл-аймақта жұмыс таба алмағандықтан, жағдай нашар болғандықтан, елордаға көшіп жатқан жоқ па?" деген журналисттердің сауалына «жоқ, келіспеймін» деген еді.

Алайда мәжіліс депутаты Владимир Божко Сапарбаевтың бұл пікірін қолдамайтын көрінеді. Яғни, Божконың айтуынша, ауылдағы адамдардың жағдайы нашар, сондықтан баспана мен жұмыс істеп астанаға ағылуда. "Сол себепті Нұр-Сұлтан қаласына көш түзеген жұртты тоқтату үшін ауылды дамыту қажет" дегенді айтады.

- Мемлекеттік бағдарламалар сапалы жүргізуі тиіс. Қалаға көңіл бөлінгеніндей, ауылға да көңіл бөлінсе, мұндай жағдай болмас еді. Бұл "Дипломмен ауылға" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде анық байқалды, - деді Божко үкімет отырысында.

Әңгіме барысында Божко жергілікті шаруалар мен фермерлерді де ауылды өркендетуге атсалыспай отыр деп айыптады.

- Мәселен, астық өсірумен айналысатын кәсіпкерлерді алайық. Олардың егіндігі ауылда. Алайда өздері ауылда емес, қалада өмір сүреді. Күзде, көктемде ғана егістікке келіп жұмыс істейді. Жұмысшыларды да сол кезде жалдайды. Ал ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс керек қой, - дейді Божко.

- Одан бөлек, ауылда спорт және мәдениет кешендері аз. Кейбір ауылда жоқ та. Спорт алаңдарын салуға жылда ақша бөлінеді, бірақ қайда кететіні белгісіз. Сондықтан кешіріңіз. Астана өркендеп барады, ал ауыл қирап жатыр. Ауыл адамдары кешті қалай батырарын білмейді. Оларда не қалды сонда? – деді тағы да депутат.

Tengrinews.kz