Авторлық ертегі

Алтынның буы (ертегі)

Ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Арқаның жазиралы даласында Асан шал қойын бағып, ештеңеден хабар-ошарсыз, әйтеуір, бір күнін өткізіп жүреді екен. Атасынан қалған мал кәсібі енді Асан шалдың да тағдырына жазылыпты.

Асанның қолында сол мезетте 10 миллионнан аса мал басы бар-тын. Осыншама малды жалғыз өзі қысық көзімен бақылап отырушы еді. Оның көмекшісі Күнгей аты мен Тарсақ тазысы еді. Күнгей аты бір шапса, атырапты алты айналып шығуға шамасы келетін. Ал Тарсағы күні-түн қойларды қорумен болатын. Не күндіз, не түнде көзін жұмбайды. Сақ еді. Бір күні ол қасқырдан да жаман ұлумен болды. Миллиондаған қойды қоршай айналып жүре береді. 

Бірер күннен соң, Асан шалға Ахуан деген шүршіт келіп, жайлауынан жер беруін өтінеді. Қолында да сандық-дорба алтынын көтеріп келіпті-мыс. Алтын көрсе, перішті жолдан тайыптының кейпін шал да танытты-ау. Жылтырға қызығып, келісімін береді. Көп ұзамай, шығыстан мың сан ақ бас қойлар келе жатады. Тарсақ бұл жолы долданып, өзге малдарға жатырқай қарады. Онсыз да таң сәріден ұлумен болған-ды.

Әлгінің жануарлары дым көрмегендей жапа тармағай жайлауға бас салды. Мұны Асан қысық көзімен ғана бақылап отырды. Іштей разы өзіне. Айлар өте шүршіт малдары шал малына араласа бастады. Басында Тарсақ жолатпағанмен кейіннен шаршаған сыңайлы. Көктем жете Асан қойлары қоздай бастайды да, Асан таңырқай қалды. Қара бастылар енді ақ араласып, ала бажалақ бола бастады. Бұған шал еш шара қолдана алмады.

Арадан тағы екі-үш ай өте шүршіт малдарының мазасы қашады. Біразы өліп те қалды.  Асан Ахуанды шақыртып, ем-домын жасатады. Асан енді алаңдай бастады. Бұларды кіргізгеніне өкінген сыңай танытты. Сенімді серігі Күнгейінің көптен бері аузы көпіріп, ақыры арам қатты.

Асан шал бұдан соң, Ахуанды қанша шақыртумен болды. Бірақ ол бар шараны жасап жатырмын, уайымдама деумен болады. Енді әлгі мазасыздық Асанның біраз малына да белгілі болғандай. Бұған енді ол шыдай алмады. Шүршітті шақыртып, малын әкет деумен болды. Бірақ оның қайтардай ойы болмады. Дәмесі оданда зорға шыққан сыңайлы, шалға шап берді. Одан күйінген Асан не істеу керектігін де білмеді. Биік қырдың басына шығып, жасағандарына өкініп, жаратушысына жалбарынумен болды. 

Бір сәтте Асанның арқасынан қос мүйіз соғып кеп жөнелді. Еш алаңсыз тұрған Асан қырдан домалай, омақаса құлайды. Құлап бара жатып, ақбас қошқарды көріп қалады. Енді ешқандай да көмек жоқ. Құмай тазысы жетіп, тартып тістелей жөнелген-ді. Шал тілге келген жоқ. Тарсақ енді шалды қойып, ақбас қойларға шапты. Алайда ол да іштей мазасыз болатын. Шүршіт ауруы оған да жұққан сыңайлы...