Bugin

Қазақстан мен Ресей арасындағы кеден бекеттері жөнделеді

Ресей Қазақстанның шекарасын мойындаған сынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Омбы қаласында өтіп жатқан XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі елдің шекара маңы аумағының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Президенттерге дайын инвестициялық жобалардың пулы ұсынылды. Мұны Ақорда хабарлады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінің Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы көрсетілді. Жол картасына сәйкес бес жыл ішінде 40-тан астам автомобиль және темір жолдардағы өткізу бекеттері толықтай жабдықталады.

Осы орайда айта кеткен жөн, Ресей де Қазақстан шекарасындағы бекеттері мен өткізу пунктілерін біртіндеп жөндей бастады. Мәселен, Ресейдің Омбы облысының губернаторы Александр Бурков 15 қазан күні елордада өткен Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссияның XXI отырысынан кейін Ресейдің Қазақстанмен шектес кеден бекеттеріне жаңа жабдықтар қойып, заманауи өткізу пунктерін жабдықтайтынын жеткізген болатын.

- Қазақстанның Ресеймен шекаралас өткізу пунктері заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бірнеше өткізу пунктері бар. Өкінішке орай, Ресейдің өткізу пунктерінде мұндай жабдық жоқ. Кейде Омбы облысынан Қазақстанға өтпек болған жолаушылардың 5-6 сағат бойы өте алмай тұратын кездері болады, - деді Бурков.

Көрші Ресейдің Қазақстанмен шектес шекарасына бұлай мән бере бастауы, бір жағынан, Ресейдің Қазақстанның тәуелсіз территориясын мойындағанын білдірсе, екінші жағынан, Қазақстан мен Ресей арасында сауда-саттыққа мән бере бастағанын білдіреді.