Авторлық ертегі

Мазаққұмарлар елінде

Авторлық ертегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Баяғы өткен заманда, жердің қияң шетінде Мазаққұмарлар елі салтанат құрыпты. Ол елдің басқалардан айырмашылығы адамдары бір-біріне қайырымсыз, күліп мазақтағыш екен. 

Елдеріне басқа адамның келуін ұнатпайтын. Қонақ келсе, бірден күлкіге қалдырып, мазақтап қуып жіберетін болыпты. Олардың осы көңілге қонымсыз әрекеттеріне ешкім шыдамайтын. Сондай бір күндері ақылды, білімді жас жігіттің жолы осы елге түседі. 

Мазаққұмарлар болса, өз әдеттері бойынша жігітті мазақтауға көшеді. Бірақ жігіттің ақылы олардың мысын басады. Небір мазаққа шыдап, өз күнін көріп жүре береді. Түрлі айла тәсілмен жігітті күлкіге қалдырып баққан Мазаққұмарлар ақыры жас жігіттке келеді. 

Олар: 

- Біздің елге ешкім шыдап тұра алмайды, сен, тіпті, мән бермейсің. Неге? – деп сұрайды. 

Ақылды жігіт: 

- Мен сендерге ренжімеймін. Сендер адамгершілік деген асыл қасиетті жоғалтып алыпсыңдар. Ол болса, сендер де мендей болар едіңдер. Менің құпиям осы, - деген екен.

Аң-таң боған Мазаққұмарлар елі жан-жаққа шашырап, әлгі асыл қасиетті таппақ ниетпен жер бетін шарлап кетіпті. Ол қасиет әркімнің өз бойында бар екенін, тек оны ояту керек екенін білмеген екен.

Камшат Абылгазиновна