Bugin

Полиция Тазабековті тексеруде

Шақырған мемлекеттік органдар да тексеріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ел арасында уағыз айтып жүрген "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековтың дәрістерін полицейлер тексермек. Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчук мәлімдеп отыр.

- Әр мемлекеттік органның ақпараттық жұмыс жасау жоспары болады. Соған сай олар қоғам қайраткерлері мен белсенділерін шақырып, дәрістер мен кездесулер өткізеді. Қазір біз сол кездесулердің мақсаты мен мазмұнын, форматын тексерумен айналысып жатырмыз. Кейін шешім шығаратын боламыз. Алайда әлі тексеріс толық бітпегендіктен, түсініктеме беруден бас тартамын, - деді Калайчук бұған қатысты.   

Оның сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдары алдында сөз сөйлеген Мұхамеджан Тазабековтің кездесуін Арнайы күзет қызметі басқармасы ұйымдастырған болуы мүмкін.

Tengrinews.kz