Bugin

Шыңжаң үшін: АҚШ Қытайға тағы санкция салуы мүмкін

Джо Байденнің саясаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай билігі геноцид саясатын тоқтатпады, мұсылман халықтарын құртып жатыр. Осылай деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Джо Байденнің инаугурациясы алдында. Мұны РИА Новости хабарлады.

Майкл Помпеоның айтуынша, қытай билігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиясындағы мұсылман халықтарды жүйелі түрде жою саясатын ұстанып отыр.

"Қытай билігі зұлым саясатын әлі тоқтатқан жоқ. Мұсылман халықтарын көз алдымызда жойып жатыр", - деп мәлімдеді Майкл Помпео.

 New York Times басылымының хабарлауынша, Помпеоның бұл мәлімдемесі АҚШ президенттік лауазымына енді кірісетін Джо Байденнің алдағы саясатынан хабар береді.

"Байден бастаған министрлер кабинеті Пекинге салынатын санкцияны күшейтуі мүмкін", - деп түсіндіреді басылым.

АҚШ билігі бұған дейін Қытайға санкция салған. Қытай үкіметінің белді қызметкерлерін Америкаға келуге тыйым салынды. АҚШ қытай билігін Шыңжаң мен Тибеттегі жергілікті халыққа қысым жасап, жәбір көрсетуде деп айыптады. Алайда Қытай бұл айыпты жоққа шығарды.