Саясат

Шыңжаң үшін: АҚШ Қытайға санкция салды

Ал Қытай АҚШ-қа ішкі саясатқа араласпа деп отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ үкіметі Қытайдың 28 коммерциялық ұйымына санкция салды. Американың сауда министрлігінің хабарлауынша, бұл Қытайдың Шыңжаңдағы мұсылман халықты басып-шаншып жатқаны себеп болған.  

- АҚШ үкіметі мен сауда министрлігі Қытайдағы аз этникалық топтардың басып-шаншылып жатқанына бей-жай қарай алмайды. Санкция шараларының арқасында Америка тауарлары мен технологиялары тыйым салынған ұйымдарға сатылмайды деген сөз, - дейді АҚШ сауда министрі Уилбур Росс.

Қытай үкіметі де тасада қалмады. Санкцияға қатысты пікір білдіріп, АҚШ-қа ішкі мәселелерге араласпасын деп мәлімдеді. Әрі АҚШ-қа "қатесін тез жөндесін", сонда еш реніш болмайтынын жеткізді.