Bugin

Ресейдің әскери операция бастауына Қытай рұқсат берген – Сорос

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай президенті Си Цзиньпин РФ президенті В.Путиннің көрші елге соғыс бастайтынын білген әрі оған қолдау білдірген. Алайда соғыс басталғаннан кейін ойынан айнып қалса керек. Ал оған себеп – Путиннің ақыл-естен айырылуы.

Осылай деп жазады танымал қаржыгер, трейдер әрі филантроп Джордж Сорос.

ТМД елдерінде бірнеше қор ашқан америкалық қаржыгердің жазуынша, Путин соғыс бастар алдында Си Цзиньпинпен кездесіп, ұзақ уақыт сөйлескен. Әрі 5 мың сөзден тұратын серіктестік жөніндегі құжат дайындап, бір-бірін қолдауға серттескен көрінеді.

"Мұндай құжатты дайындау үшін көп келіссөз, көп жұмыс атқару керек. Демек, екеуі бірігіп ұзақ жоспарлаған бәрін. Менің таңқалғаным – Си Цзиньпиннің Путиннің Украинаға басып кіруін анық қолдап отырғаны (карт-бланш беріп отыр). Си өмір бойы билікте отыратынына сенімді секілді. Тарихта Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин сынды тұлға боп қалғысы келеді. Ал Путин болса, 70 жыл бойы армандап жүрген мақсатын орындағысы келді. Орыс әлемінің патшасы болу – арманы. Ал оған қол жеткізу үшін дәл қазір қимылдамас, кейін кеш қаларын түсінсе керек", - деп жазады Сорос.

"Мен Путинді жақсы танымаймын. Бірақ оның істерін қарап отырып түйген нәрсем мынау: ол – қатыгез адам. Біреуге жаны ашу жоқ. Грозный қаласын қалай талқандағаны сынды Киевті де дәл солай жермен жексен еткісі келеді.

Тағы бір байқағаным – Путин өзі айтқан өтірікке өзінің қатты сенетіні. Бір қарасаңыз, шынайы әлемнен қол үзіп қалған жанға ұқсайды. Украин мен орысты бір халық деп атап, орыс әскері Украинаға басып кіргенді жергілікті орыстар "гүлмен қарсы алады" дегені не сандырақ. Түптеп келгенде, олай боп шықпады ғой. Гүлмен емес, орыстың өзі қарумен қарсы алды", - деп пікір білдіреді Сорос.

Соростың жазуынша, Украинаны 2014 жылы да, осы жолы да басып алмағанының негізгі себебі – қорғаныс саласындағы жемқорлық. Оған да өзі кінәлі.

"Бірақ кінәсін түсінгісі келмейді. Керісінше, жерін қорғап қарсыласқаны үшін украиндарға өштесіп, тістеніп алды. Одан әрі қырып-жоюға көшті. Осыны көрген Си ойланып қалған сыңайлы. Басқы ойынан айнып, енді Украинаға көмектесуге ниетті. 8 наурыз күні Франция президенті Э.Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольцқа хабарласып, гуманитарлы көмек бергісі келетінін айтты. Путин де, Си де түптің түбінде биліктен кететін адамдар. Әлемдік өркениетті құртып жібермей тұрғанда, халқы көтеріліп, басшыларын биліктен алып тастар деп үміттенеміз", - деп ойын түйіндеді Сорос.

Ресей бастаған соғыс қалай аяқталуы мүмкін. Үш сценарий.