Bugin

Теміржол көпірі опырылып, 26 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сәрсенбі күні Үндістанның солтүстік-шығысындағы Мизорам штатының Сайранг қаласында салынып жатқан теміржол көпірі құлап, кем дегенде 26 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Astana.tv сайтына сілтеме жасап.

Тағы 2 адам жарақат алды. Мемлекеттік теміржол басқармасы тексеру бастады.

Бұқаралық ақпарат құралдары көпір құлаған кезде оқиға орнында 40-қа жуық жұмысшы болғанын жазуда, ал полиция 28 жұмысшы туралы хабарлады.

Қазіргі уақытта құтқарушылар 13 адамның мәйітін тапты. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Оқиға Бхайрби-Сайранг жаңа теміржолының құрылысы кезінде болды. Жаңа жол Мизорамды елдің қалған бөлігімен жалғастырып, туристер ағынын арттырады, әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін береді деп күтіледі.

Елдің премьер-министрі Нарендра Моди зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Еске салайық, Үндістанда әкесі үйге қонбаған қызын бауыздап тастағаны туралы хабарлаған едік.