Bugin

Әкесі үйге қонбаған қызын бауыздап тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістанның Пенджаб штатында әкесі 16 жастағы қызының үйге қонбағанын біліп, бауыздап тастаған.

Бұл жағдай басқаларға сабақ болсын деп қызының денесін мотоциклдің артына байлап, сүйреген.

Ақпаратты жергілікті басылымдар растады. 

Үндістанда қыздардың құқығы мен тәрбиесі басты орында болғандықтан, әкесі үшін оның далада жүргені ұятты жағдай туындатқан. Сонымен қатар ешкім қызының істегенін қайталамауы үшін оны көшеде мотоциклмен сүйреп жүрген.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әлеуметтік желіде ер адамның мотоциклмен мәйітті сүйреп бара жатқан видеосы тарады. Полиция бейнебақылау камераларынан әкесі қызының денесін теміржолға лақтырып жатқанын көрген.

Қылмыскер куәгерлер болған жағдайды полицияға хабарлаған соң бір күннен кейін қамауға алынды. Алайда ер адам істеген ісіне еш өкінбейді. Ол басқа қыздар сабақ алсын деп қызының өлі денесін мотоциклге байлап сүйреген.