Bugin

Арыстағы апат: Тоқаев көңіл айтты

Елорда ауруханасында жатқан сегіз жасар бала кеше таңертең көз жұмған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соған орай, Арыс жарылысы кезінде жол апатынан жарақат алып, көз жұмған баланың ата-анасына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

- Өкінішке қарай, автокөлік қағып, ауыр жарақат алған арыстық бала елорда ауруханасында қайтыс болды. Ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Иманды болсын! – деп жазды Қ.Тоқаев Твиттерде.

Бұл баланы 24 маусым күні Арыс-Монайтас тас жолында Мерседец көлігінің жүргізушісі қағып кеткен еді. Кейін ол санавиациямен елорданың ауруханасына жеткізілген болатын.