Bugin
Арыста жол апатынан зардап шеккен бала арада бір жарым ай өткенде көз жұмды
28 маусым күні "Арыс-Монайтас" автожолындағы 42-разъезд жанында "Мерседес Бенц" автокөлігінің жүргізушісі 2011 жылы туған баланы қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жол апатынан жарақат алған бала Шымкент қаласының балалар ауруханасына, одан кейін санавиациямен Елордаға жөнелтілген болатын.
- Сол күні Арыс қаласының полиция басқармасы аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Оқиға орнынан қашып кету фактісі бойынша жүргізушіге қатысты ҚК 347-бабы бойынша қосымша қылмыстық іс тіркеліп, бір өндіріске біріктірілді. "Мерседес Бенц" көлігінің жүргізушісінен жауап алынды. Ол кінәсін мойындады, - делінген ІІМ хабарламасында.