Спорт

Былтырғы «Қазақстан барысы» Еламан Ерғалиев допинг дауына ұшырады

Допинг дауы: Еламан Ерғалиев допинг дауына ілікті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық дзюдошы Еламан Ерғалиев допинг дауына ұшырады. Енді ол ұзақмерзімді дисвалификация алуы мүмкін. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Қараша айында Астанада өткен Қазақстан чемпионаты барысында оның қанынан рұқсат етілмеген дәрі табылған. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қызылордалық балуан финалда шығыс қазақстандық Ерасыл Қажыбаевтан жеңілген еді.

Ұлттық антидопинг орталығы хабарлайды:

«WADA дисциплинарлық комиссиясы дәл қазіргі уақытта Еламана Ерғалиевке қатысты тергеу амалдарын жүргізуде».

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Еламан Ерғалиев «Қазақстан барысы» атанып, алтын «Тайтұяқпен» қоса 25 миллион теңге алған болатын. Артынша Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев балуанға екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыстаған еді.