Ереже

Buginnen basta

Bugin.kz сайтының әкімшілігі сайт пен оның функцияларын қолдануға мүмкіндік бере отырып, оны пайдалану жөніндегі келісімді ұсынады.

Соған орай, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабы, 5-тармағына сай көпшілікке арналған оферта ретінде ұсынылып отырған аталмыш пайдалану келісімімен мұқият танысу қажет. 

 

Bugin.kz ақпарат платформасын қолдану жөніндегі келісім.

1. Терминдер.

2. Bugin.kz сайтын пайдалану жөніндегі келісімнің мәртебесі.

3. Bugin.kz сайтын қолдану.

4. Bugin.kz сайтына кірушіні тіркеу.

5. Bugin.kz сайтына кірушінің міндеттері.

6. Зияткерлік құқық туралы шарт.

7. Bugin.kz сайтының функциялары және оны қолдану кезіндегі жауапкершілік.

8. Қорытынды ереже.

9. Реквизиттер мен мекенжай. 

1.     Терминдер

1.1. Bugin.kz сайты (немесе Сайт) – ЭЕМ-ге (ЭЕМ-мен орындалатын бағдарламалық кодтар) арналған (а), соның ішінде Мобильді Қосымшасы мен сайт Әкімшілігі және/немесе Кірушісі жариялаған ақпаратқа арналған (б) бағдарламалар жиынтығынан тұратын ақпараттық платформа (десктопты және мобильді нұсқа). Bugin.kz сайты Bugin.kz (домен атауы) мекенжайы бойынша орналасқан (кірушінің қолданыс келісімін қабылдаған сәтіндегі доменнен бастап, іске қосқан, енгізілген домендердің барлық деңгейі қамтылған).

1.2. Bugin.kz сайтына кіруші (немесе Қолданушы) – қолданыс келісіміне құптама алуға қабілетті, Bugin.kz сайтына кіріп әрі оны қолдануға мүмкіндік алған тұлға.

1.3. Сайттың «bugin» валютасы (немесе – b.) – автордың Bugin.kz сайтына жариялаған ақпаратының немесе мақаласының қаралымы, репост жасалуы, пікір қалдырылуы арқылы жиналған бірлік. 1 bugin (b.) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1 теңгеге тең.

2.     Bugin.kz сайтын қолдану жөніндегі келісімнің мәртебесі

2.1. Сайтты пайдалану жөніндегі келісім (ереже) кірушілердің және әкімшіліктің құқықтары мен міндеттерін, сайтқа кірушілердің сайтты пайдалану шарттарын реттейді.

2.2. Сайтты пайдаланып бастау, оның ішінде тіркелу сайтты пайдалану жөніндегі келісіммен әрі оның акцептімен танысты дегенді білдіреді.

2.3. Сайт әкімшілігі пайдалану жөніндегі келісімнің мазмұнын бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Енгізілген өзгеріс сайтқа Bugin.kz мекенжайы бойынша орналастырылып, хабарланғаннан кейін және (немесе) тіркелген қолданушылардың электронды пошталарына хабарлама ретінде жіберілгеннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде заңды күшіне енеді.

3.     Bugin.kz сайтын қолдану

3.1.  Сайттың негізгі функционалын қолдану тегін, ал қосымша функционалдарын ақылы түрде кез келген уақытта келесідей тәртіппен пайдалануға болады:

3.1.1. Қосымша функцияларды сайтқа тіркелгеннен кейін ғана пайдалануға болады.

3.1.3. Сайт әкімшілігі қосымша функцияларды қолдану ақысын кірушіге алдын ала хабарламай-ақ кез келген уақытта бір жақты тәртіппен өзгерте алады. Ал төлеп қойған қолданушының қосымша функцияларының ақысы еш өзгермейді. Өзгеріс енгізіліп, сайтқа Bugin.kz  мекенжайы бойынша хабарлама орналастырылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде баға өзгереді.   

3.1.4. Сайт қолданушысы қосымша функцияларға төлеген ақысын растайтын құжаттарды оны қолдану мерзімі біткенге шейін өзінде сақтауы тиіс әрі оны сайт Әкімшілігі сұрай қалған кез келген жағдайда көрсете алуы, сондай-ақ төлем жасаған жағдайы жөніндегі ақпаратты да ұсына алуы қажет. 

3.1.5. Қосымша функциялдарды ұсыну тәртібі мен шарты сайттың сәйкес бөлімінде көрсетіледі.

3.2. Қандай да бір түсініксіз, талас тудырар жағдай туғанда, не болмаса Қолданушының тарапынан Сайттың қосымша функцияларын қолдануға төлем жасауға қатысты үшінші бір тұлғаға қандай да бір ұсыныс пен ақпарат жолданар алдында, не болмаса сол туралы Ғаламтор желілеріне хабарландыру мен ұсыныстар жариялар алдында Қолданушы бұл жайында Сайт Әкімшілігін міндетті түрде құлақтандыруы қажет. Егер Кіруші бұл ережені ескермей, хабарландыруда көрсетілген реквизиттерге төлем аударып, алайда Сайттың қосымша функцияларын қолдануға рұқсат ала алмаған жағдайда, бұған Сайт Әкімшілігі жауап бермейді әрі Кірушінің мұндай хабарландыруға жұмсалған ақшалай қаражатын қайтаруға міндетті емес. 

3.3. Кіруші Сайт Әкімшілігіне сайттың қосымша функцияларын қолдануға құқық алу үшін төлем жасарда Қазақстан Республикасы мен/немесе өзге елдің (Кірушінің азамат боп табылатын елі) заңнамаларын әрі үшінші бір тұлғаның құқықтарын бұзбау жөнінде кепілдік береді. Кірушінің өзіне тиесілі емес ақшалай қаражатын пайдаланып, үшінші бір тұлғаға зиян келтірген жағдайда, оған Сайт әкімшілігі жауап бермейді.  

3.4. Аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімнің шарттары Қолданушы тарапынан бұзылған жағдайда (бір рет болса да), Сайта Әкімшілігі кез келген уақытта Қолданушыны ескертпей Сайттың қосымша функцияларын қолдануға деген мүмкіндігін бір жақты, сот тәртібінсіз тоқтата және/не алып тастай алады әрі бұған дейін төленген ақшалай қаржы қайтарылмайды, шығыны өтелмейді.

3.5. Пайдалану жөніндегі келісімнің 3.4-тармағына сай Сайттың қосымша функцияларын қолдану соттан тыс бір жақты тәртіппен тоқтатылған және/не тоқтатылып қойылған жағдайда, Сайт Әкімшілігі жасалған келісімшартты өз қалауынша бұза алады:

3.5.1. Кірушінің Сайттың қосымша функциясын қолдану үшін төлеген ақшалай қаражатының қосымша қызметті қолдануға берілген уақытынан  қосымша қызметті пайдалана алмай қалған уақыты аралығындағы ақысын (не қосымша қызметті өлшеудің басқа да бірлігімен) қайтарып беруге;  

3.5.2. Сайттың қосымша функциясын қолдану уақыты біткенге шейін оны пайдалана тұруға (не қосымша қызметті өлшеудің басқа да бірлігімен) рұқсат беруге;

3.6. Сайттың қосымша функциялары тоқтатылған және/немесе тоқтатылып қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде Сайт Әкімшілігі Пайдалану жөніндегі келісімнің 3.5-тармағындағы шарттардың қайсысын таңдағаны жайында хабарлауы қажет.

3.7. Егер Қолданушы Сайт Әкімшілігінен ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі хабарламаны алса, Пайдалану жөніндегі келісімнің 9-бөлімінде көрсетілген Әкімшілік мекенжайына қаражат аударуға болатын төлем реквизиттерін жолдауы тиіс.

Хабарламада төлем жасауға қажетті барлық мәліметтер көрсетілуі тиіс әрі Кірушінің қолы (үстіне мөрі қойылған) қойылған болуы керек.

3.8. Сайт Әкімшілігі ақшалай қаржыны төлем қабылдауға дайын екендігі жайында хабарлама алғаннан кейін 5 (бес) күнтізбелік күні ішінде Кірушінің хабарламада көрсеткен реквизиттеріне аударады.

3.9.Bugin.kz сайтына тіркелген кез келген автор тіркелген күннен бастап жариялаған мақаласы мен ақпаратының танымалдылығына қарай «bugin» жинауға мүмкіндік алады.

3.10. Тіркелген автор Bugin.kz сайтындағы жеке кабинетінен жиналған "bugin-ді" саны 150 000  (жүз елу мың) "bugin-ге" жеткенде ғана шығара алады.

Ескертпе:Сайт Әкімшілігі бағдарламалық жасақтама ұйымдастырғаны үшін автор жинаған 150 000 (жүз елу мың) "bugin-нің" 10%-ын комиссиялық шығындар ретінде ұстап қалады.                     

4.     Bugin.kz Сайтына Кіруші тіркеу

4.1. Сайттың қосымша қызметтерін қолдану үшін Кіруші сайтқа міндетті түрде тіркелуі керек.

4.2. Сайтқа OAuth хаттама базасындағы әлеуметтік желілер арқылы да тіркелуге болады әрі тіркелу кезінде Сайт Әкімшілігі Кірушіден, электронды мекенжайы (email), аты-жөні, профиль фотосуреті, жас аралығы, жынысы, тілі, мемлекеті мен басқа да барлығына ортақ ақпараттардан басқа ештеңе сұрамайды (Bugin.kz сайтына тіркелу үшін сұралған мәліметтердің барлығын да, қалауына қарай да толтыруға болады).

4.3. Тіркеу кезінде Кірушіден алынған ең қажетті, аз көлемді дербес деректер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өңдеуден өтеді. Сайт Әкімшілігі Кірушінің дербес деректерін сайт қызметін, сондай-ақ қосымша функцияларды пайдалануға рұқсат беру үшін, Кірушінің email мекенжайына ақпараттарды жіберіп отыру үшін, Сайттың функционалдылығы мен бөлімдерін дамыту мен қолдауға мүмкіндік беретін зерттеу мен талдама жұмыстарын жасау үшін, сондай-ақ Сайттың жаңа бөлімдері мен функцияларын жасақтау үшін өңдейді. Сайт Әкімшілігі Кірушінің дербес деректерін заңсыз пайдаланудан, өзгерту мен жария етуден, жойып жіберуден қорғайды. Өйткені Сайт Әкімшілігі дербес деректерді аталмыш Ережені орындау мақсатында ғана өңдейді, ал  Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, дербес деректерді өңдеу үшін Кірушіден рұқсат алудың қажеті жоқ.

4.4. Егер Кіруші әлеуметтік желідегі аккаунттарын көрсетіп тіркелген әрі Сайт Әкімшілігі тарапынан қандай да бір растау, оның ішінде әлеуметтік желінің логині мен құпия сөзін қолданып, растау сұралмаған болса, онда бұл Кірушінің дұрыс тіркелгендігін білдіреді. Егер үшінші бір тұлға тарапынан рұқсатсыз тіркелу жағдайы орын алатын болса, онда Кіруші бекітілген тәртіппен бұл жайында  Сайт Әкімшілігіне хабарлауы қажет. Мұндай жағдайда рұқсатсыз тіркелген, кірген үшінші тұлғаға жаза қолданылатын болады.

5.     Bugin.kz сайтына Кірушілердің міндеті

5.1. Кіруші міндетті:

5.1.1.Қазақстан Республикасының күшіне енген заңнамаларын, Пайдалану жөніндегі келісім мен өзге де Сайт Әкімшілігі ұсынған арнайы құжаттарды бұзбауға;

5.1.2.Сайтқа рұқсатсыз тіркелу жайлы Сайт Әкімшілігіне хабарлауға;

5.1.3.Өзге де тұлғалардың құқығы мен мүддесін бұзатын ақпараттар мен объектілерді (оның ішінде сілтеме де бар) Сайтқа орналастырудан бас тартуға;

5.1.4.Ақпарат пен объектілерді сайтқа жариялар алдында оның заңдылығына көз жеткізуге;

5.1.5.Өзге Кірушілер мен үшінші бір тұлғалармен қарым-қатынас жасау мен және Сайтты қолдану кезінде қолы жеткен дербес деректерді, басқа Кірушінің жеке өмірі жайлы мағлұматтарды оның рұқсатынсыз жария етпеуге; 

5.2. Егер қандай да бір әрекетті жүзеге асырар алдында (оның ішінде ақпаратты жариялау да бар) оның заңдылығына күмән туса, Сайт Әкімшілігі ондай ақпаратты жариялаудан бас тартуға кеңес береді. 

5.3. Кіруші Сайтты қолданар кезде тыйым салынады:

5.3.1. Өзге біреудің атынан немесе оның орнына тіркелуге ("жалған" немесе бөтен бір аккаунтты қолданып тіркелуге);

5.3.2. Тіркеу кезінде сұралған өзі туралы мәліметтерді жалған көрсетуге;

5.3.3. Келесідей ақпараттарды жүктеуге, жариялауға, көрсетуге, басқа да жолдармен қолдануға:

5.3.3.1. өзге де Қолданушының, үшінші тұлғаның жеке өміріне қол сұғатын, ар-абыройы мен кәсіби беделіне нұқсан келтіретін, қорлауға, қауіп-қатерге жол беретін;   

5.3.3.2. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын бұзатын;

5.3.3.3. Тұрпайы, әдепсіз сөздер, кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен болған жыныстық сипаттағы порнографиялық кескіндер мен мәтіндер, көріністер бар;

5.3.3.4. Жануарларға зорлық-зомбылық жасаған, адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынас көріністері бар;

5.3.3.5. Өз-өзіне қол жұмсауды үгіттеп, оның амал-тәсілдерін сипаттап, оны жүзеге асыруға итермелейтін;

5.3.3.6. Нәсілдік, діни, ұлтаралық араздықты немесе қаскөйлікке жол ашатын және/немесе фашизмді немесе нәсілдік артықшылықты насихаттайтын;

5.3.3.7. Құрамында экстремисттік мазмұндас материалдары бар;

5.3.3.8. Қылмыстық әрекеттерді насихаттайтын не қылмыстық әрекеттерді жасауға кеңес пен нұсқаулық беретін, басшылық ететін;

5.3.3.9. Мемлекеттік және коммерциялық құпияларды, сонымен қатар, үшінші бір тұлғаның жеке өміріне қатысты кіруі шектеулі ақпараттарды тарататын;

5.3.3.10.  Жарнама қатысқан;

5.3.3.11. Есірткі заттарын пайдалану тартымдылығын сипаттайтын, оның ішінде "сандық есірткі" де бар (бинауральды ырғақ арқылы адам миына әсер ететін үн қосылған файлдар), есірткіні таратуға, оларды дайындау мен пайдалану жолдары туралы кеңестер айтылған;

5.3.3.12. Алаяқтық мазмұндағы;

5.3.3.13. Азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделін, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын бұзатын;

5.3.4. Қолданушының немесе үшінші тұлғаның зияткерлік меншігін қолдануға, оны жариялауға, жүктеуге, таратуға;

5.3.5. Хабарламаларды жаппай таратуға (түсініктемелерді)

5.3.6. Сайттың қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жасауға;

5.3.7. Вирус, троян бағдарламалар мен өзге де зарарлы бағдарламаларды жүктеуге, жариялауға, таратуға, қолдануға жол ашуға; 

5.3.8. Сайт Әкімшілігінің рұқсатынсыз сайттағы ақпараттарды жинауға, сайттың өзімен және қызметтерімен байланыста болатын автоматтандырылған скриптерді (бағдарламаларды) қолдануға; 

5.3.9. Сеніміне қиянат жасау не бұзу, басқа да шектеу қойылған амалдарды қолданып, басқа Қолданушының ақпараттарына қол жеткізуге;

5.3.10. Бөгде тұлғалардың дербес деректерді заңсыз жинауға, өңдеуге;

5.3.11. Сайт Әкімшілігі рұқсат еткен интерфейспен кіруден басқа Сайтқа ену, қолдану жолдарын жасауға (алайда Сайт Әкімшілігінің өзі Кірушіге рұқсат еткен жолдарды қоспағанда);

5.3.12. Белгілі бір мақсатпен Сайтты және оның қосымша функцияларын қолдану мүмкіндігін сатуға, жаңадан өндіруге, дубляждауға. көшіруге, сауда операцияларын жүзеге асыруға (алайда Сайт Әкімшілігінің өзі мұндай жолдарды  жекелеген Кірушілерге рұқсат еткен жағдайды қоспағанда);

5.3.13. Сайт Әкімшілігі орнатпаған арнайы қалқаннан тыс коммерциялық және саяси жарнамаларды жариялауға;

5.3.14. Сайт Әкімшілігінің жеке пікірінше Сайттың жалпы мақсатына сай келмейді, қажетсіз, орынсыз, Кірушінің мүддесіне шек қояды және басқа да себептерге байланысты Сайтта жариялауға болмайды деп танылған;

5.4. Кіруші Сайтқа жариялаған, басқа Кірушілерге хабарлаған ақпаратқа, сондай-ақ басқа Кірушілермен болған қарым-қатынасқа жеке өзі жауап береді.

5.5. Кіруші Аталмыш Пайдалану жөніндегі келісіммен келіспеген жағдайда, Сайтты қолданудан бас тартуы тиіс.

6.     Зияткерлік құқық туралы шарт

6.1. Кіруші заңды түрде өзіне тиесілі Контентті Сайтқа жариялай отырып, өзге Кірушілерге тек көріп оқуға, қарап көруге немесе коммерциялық емес мақсатта ғана қолдануға айрықша емес құқық ұсынады әрі бұл заңдық тұрғыдан қорғалған құқық иесінің мүддесіне зиянын тигізбеуі тиіс. 

6.2. Сонымен қатар, Кірушінің заңды түрде өзіне ғана тиесілі Контенті сайтта жариялануы үшін Сайт Әкімшілігіне ақысыз түрде ұсынылады әрі оны Сайт Әкімшілігі сайттың функционалдылығы мен архитектурасына шақ көлемде жұмыс жасауы үшін орналастырады. Көрсетілген айрықша емес құқық Контенттің сайтта жариялану мерзіміне беріледі әрі Контентті өңдеу құқығын қосып алады және барлық әлем елдерінің территориясына таралады. Сайтқа қосымша тіркеле отырып Кіруші ұсынылған Контентін басқа Кірушілер тарапынан сайттың техникалық мүмкіндігін пайдалана отырып қолдануына мүмкіндік береді.

6.3. Егер Кіруші Сайттағы Контентін алып тастайтын болса, Сайт Әкімшілігі берілген айрықша емес құқықты кері қайтарып алады, алайда Әкімшілік Сайттың техникалық жұмысының талаптарына керек болған жағдайда, пайдаланылған Контентті қажет болған уақытқа дейін көшірме нұсқаларын сақтап қала алады. 

6.4. Егераталмыш Пайдалану жөніндегі келісімнің баптарында қаралмай кеткен, аталмыш Ережеде көрсетілмей қалған жағдаяттардың барлығы Контентке ерекше құқық берілді дегенді білдірмеуі тиіс. Сонымен қатар, сайт Әкімшілігі сайтты дараландыру және/немесе басқару (фирмалық атау, тауар белгісі, домен аты және т.б.) құралдарын қолдануға құқық бермейді. Дараландыру құралдарын Сайт Әкімшігінің жазбаша келісімінен кейін ғана қолдануға болады.   

6.5. Ерекше құқықтарды бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік.

6.5.1. Кіруші жүктелген немесе Сайтты қолданып жариялаған, басқа да жолдар арқылы жалпыға бірдей мәлім еткен кез келген Контенті мен ақпараттары үшін өзі жауап береді. Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген немесе берілген құқықтар Қолданушыда жоқ болса, онда оған Сайтқа Контент жариялауға, жолдауға не жүктеуге тыйым салынады. 

6.5.2. Сайт Әкімшілігі Сайттағы Контенттерді қарап тексеруі мүмкін (бірақ міндетті емес) әрі кез келген Контент пен Қолданушыны көшіруді, жойып жіберуді шектемей-ақ, өз еркімен (ескертусіз) кез келген себеппен (немесе себепсіз де) оларды (Контент пен Қолданушыны) көшіруге немесе алып тастауға, жойып жіберуге құқылы. Бұған Сайт әкімшілігінің жеке пікірінше, Қазақстан Республикасының заңнамалары мен аталмыш Пайдалану жөніндегі келісім шарттарын бұзуы немесе басқа Қолданушылар мен үшінші тұлғалардың құқығына нұқсат келтіруі,  қауіпсіздігіне қатер  төндіріп, зиян келтіруі себеп болуы мүмкін.

6.6. Үшінші тұлғаны Сайты мен Контенті.

6.6.1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай зияткерлік меншілігі қорғалған үшінші тұлғаға тиесілі (үшінші тұлғаның Контенті) Ғаламтор желісіндегі (үшінші тұлғаның сайты) мақала, фотосурет, иллюстрация, графикалық кескін, видео басқа да ақпараттарға Сайтта сілтеме жасалады (немесе жасалуы мүмкін).

6.6.2. Белгіленген үшінші тұлға мен оның Контенті Сайт Әкімшілігі тарапынан қандай да бір талаптарға сай не сай еместігі (шынайылығы, толықтығы, адалдығы, т.б.) тексеріліп жатпайды. Сайт Әкімшілігі Кірушінің үшінші тұлғаның сайты не Контенті арқылы қол жеткізіп, Сайтқа жариялаған қандай да бір ақпараты үшін, сонымен қатар үшінші тұлғаның сайтта не өзінің Контентінде білдірген кез келген пікірі мен тұжырымы үшін жауап бермейді.

6.6.3. Үшінші тұлғаның файлды жүктеу және/немесе бағдарламаны орнату бойынша жариялаған сілтемесі мен нұсқаулығы Сайт Әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетілген немесе мақұлданған іс-әрекет дегенді білдірмейді. 

6.6.4. Сайтта жарияланып, сілтемесі жасалған кез келген сайт, өнім, қызмет және коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы кез келген ақпарат Сайт Әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетілген немесе ұсынылған өнім (қызмет) дегенді білдірмейді.

6.6.5. Егер Кіруші Сайттан шығып, үшінші тұлғаның сайтына енсе немесе қолданса, немесе үшінші тұлғаның бағдарламасын орнатса, бұл оның шешімі болып табылады және де бұдан әрі Кірушіге үшін аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімнің шарттары қатысы болмайды.

7.     Bugin.kz сайтының функциялары және оны қолдану кезіндегі жауапкершілік

7.1. Кіруші сайтқа мақала жариялаумен байланысты іс-әрекеттері үшін ҚР заңнамаларына сәйкес өзі жауапкершілікке тартылады. Аталмыш Пайдалану жөніндегі келісім мен ҚР заңнамаларын бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. 

7.2. Сайт Әкімшілігі Кірушінің сайтты қолдануына техникалық мүмкіндіктер ұсынады, Сайтқа Кіруші жариялаған ақпараттардың мазмұнын қалыптастыруға қатыспайды әрі Сайтты қолданған барлық тұлғалардың іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жауап бермейді және оны қадағаламайды.

7.3. Сайттың ақпараттық жүйесі мен оның бағдарламалық жасақтамасында Кірушінің Сайтты ақпараттық тұрғыдан қолданылуын қадағалайтын, автоматтандырылған цензураны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктері жоқ, тек үшінші тұлғаның интеллектуалдық меншік құқығын бұзудың алдын алу мен оны болдырмау мақсатында арнайы техникалық шешім құрылған. 

7.4. Сайт Әкімшілігі кез келген уақытта ескертусіз (хабарландыру арқылы да) Сайттың рәсімделуін, мазмұны мен функционалын өзгерте алады, Сайтта қолданылған скриптілер мен бағдарламалық жасақтамаларды және өзге де объектілерді, Сайтта қолданылған не сақталған кез келген серверлік қосымшаларды толықтыра не өзгерте алады. 

7.5. Сайт Әкімшілігі Кірушінің ақпараттарын алдын ала модерациялаумен не цензуралаумен айналыспайды және мүдделі тұлғалар Сайт Әкімшілігіне жүгінгеннен кейін ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын қамтамасыз ету мен тұлғалардың құқығын, мүддесін қорғауға қатысты шараларды қолданатын болады.

7.6. Кіруші тарапынан Пайдалану жөніндегі келісім бұзылған жағдайда, оған Сайт Әкімшілігі жауап бермейді әрі Пайдалану жөніндегі келісім Кіруші тарапынан бұзылған немесе оның бұзылғандығы жайлы өзге Кірушілер мен үшінші тұлғалардан мәлімет келіп түскен жағдайда, Сайт Әкімшілігі Кіруші жариялаған ақпаратты (түсініктемелерімен қосып) алып тастау не өзгерту, Кірушінің Сайтты қолдану мен оған кіру, оның бөлімдері мен функционалдарын қолдану мүмкіндігін шектеу не тоқтату сынды шара түрлерін таңдап алып, кез келген уақытта қолдануға (алдын ала ескертумен/ескертусіз) құқылы. Сайт Әкімшілігі жеке пікіріне сүйеніп, Кіруші тарапынан Сайттың және/немесе басқа Кірушілерге қауіп төндірілін анықтаған жағдайда, Кірушінің Сайтқа кіру мүмкіндігін шектеуге, тоқтата тұруға не тоқтатып тастауға құқылы. Сайт Әкімшілігі жоғарыда аталған шараларды заңнамалық негіздерге сүйеніп жүзеге асырады әрі Кірушілер мен үшінші тұлғаларға әкеп соққан жағымсыз салдар үшін жауапкершілік арқаламайды.

76.1.Сайт Әкімшілігі тіркелген қолданушының жинаған "bugin-дерін" шығару кезінде болған ақаулар мен бүлінулер үшін жауап бермейді.

7.8. Сайт Әкімшілігі Сайттың дұрыс жұмыс істеуі мен қызмет жасауын қамтамасыз етеді және техникалық ақаулар мен үзілістер болған жағдайда, оны дереу қалпына келтіруге міндетті. Сайт Әкімшілігі Сайт жұмысының үзілуі мен ақауы орын алған сәтте жоғалған ақпараттар үшін жауапкершілік арқаламайды. Сондай-ақ, Сайт Әкімшілігі Сайтқа жарияланған не одан сілтеме жасалған сайттарда жарияланған материалдарды жүктеу кезінде бұзылған Кіруші мен өзге тұлғалардың компьютері, мобильді құрылғылары мен басқа да кез келген жабдықтары, бағдарламалық жасақтамалары үшін жауап бермейді.

7.9. Сайт Әкімшілігі жарнамалық ақпараттарды көрсету үшін Сайттың қызметі мен Кірушінің ақпараттары жайлы статистикалық мәліметтерді жинауға құқылы. Сайттың қызметін, техникалық қолдауын ұйымдастыру мен аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімнің шарттарын орындау үшін Сайт Әкімшілігінің осы келісімнің шарттарына сай келген Кірушінің дербес ақпараттарын ғана қолдануға техникалық мүмкіндіктері бар. 

7.10. Сайт Әкімшілігі Кірушіге сайтты дамыту мен оның қызметіне қатысты ақпараттарды жолдауға, сонымен қатар өз қызметін жарнамалауға құқылы.

7.11. Сайт Әкімшілігінің жауапкершілік шектеулері:

7.11.1. Сайт пен оның функционалдылығы, барлық скрипттерлері мен бағдарламалары, контенті пен сайттың безендірілуі "сол күйінде" қалдырылады. Әкімшілік сайт пен оның функционалы қолданудың қандай да бір нақты мақсаттарына сай келу не келмеуіне қатысты кепілдік беруден бас тартады. Әкімшілік сайт және/немесе оның функционалын қолдана отырып, қандай да бір спецификалық нәтижелерге қол жеткізу жайында кепілдік бере алмайды;

7.11.2. Кез келген түсініксіз, жаңсақ жағдайлардан аулақ болу үшін Кірушіге сайттан не оған қойылған сілтемеден файлды, бағдарламалық жасақтамаларды жүктеу не қолдану кезінде сақтық шараларын жасауға кеңес беріледі.  Сайт әкімшілігі тек лицензияланған бағдарламалық жасақтамалар мен антивирус бағдарламаларды қолдануға кеңес береді;

7.11.3. Кіруші Сайтты қолдана отырып, одан не оның сілтемесінен кез келген материалды жүктеу кезінде өзі жауапкершілік артатынын түсінуі тиіс әрі материалды қолдану кезінде кірушінің не үшінші бір тұлғаның компьютеріне зияны тиген, мәліметтері жоғалған жағдайда, оған Кіруші жауапты болады.

7.11.4. Сайт Әкімшілігі мен оның өкілдері Кіруші мен кез келген үшінші бір тұлғаның алдында Сайтты қолданудан, жарияланған материалдардан, Сайтты  қолдану арқылы материалдарға Кіруші мен өзге де тұлғалардың қол жеткізуінен туындаған кез келген жанама, кездейсоқ, абайсыз болған залал (табыстан айырылып қалу, мәліметтердің жоғалуы, ар-абырой мен намысына, кәсіби беделіне нұқсан келтіру) үшін (Әкімшілік зияны тиетіні жайлы көрсетіп, ескертсе де) ешқашан жауап бермейді.

7.12.Сайт Әкімшілігі кез келген уақытта тіркелген қолданушылардың жинаған "bugin-дерін" шығаруды тоқтатып тастай алады.

8.     Қорытынды ереже

8.1. Аталмыш Пайдалану жөніндегі келісім Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес реттеледі әрі түсіндіріледі. Пайдалану жөніндегі келісім реттей алмаған мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес шешіледі.

8.2. Аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімнің шарттарын орындау кезінде туындаған кез келген дауды не қайшылықты шешу үшін Қолданушы мен Сайт Әкімшілігі бір-бірімен бейбіт келісімсөз жүргізуге бар күшін салады. Егер келіссөз жүргізу арқылы бітімге келмеген жағдайда, ҚР заңнамаларына сәйкес Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың көмегімен шешіледі.

8.3. Аталмыш Пайдалану жөніндегі келісім Кірушінің сайта (акцепке) тіркелген сәтінен бастап заңды күшіне енеді әрі белгісіз уақытқа дейін өз күшінде болады.

8.4. Аталмыш Пайдалану жөніндегі келісім қазақ және орыс тілдерінде жазылған және Кірушінің қалауына қарай басқа тілде де толтырылуы мүмкін. Егер Пайдалану жөніндегі келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы мен басқа тілдегі нұсқасы арасында айырмашылық болса, онда орыс тілінде жазылған нұсқасы басшылыққа алынады.

8.5. Егер аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімнің бір немесе бірнеше ережесі жарамды емес не заңдық күші жоқ деп танылса, бұл қалған ережелердің де жарамсыз екендігін білдірмейді.

8.6. Пайдалану жөніндегі келісімді жаңарту.

8.6.1.Сайт Әкімшілігі сервистерді үнемі жетілдіріп отырады әрі өнімдеріміз Кірушілер мен серіктестерімізге ұнауы үшін жаңа функцияларды жасақтаумен болады. Соған байланысты Сайт Әкімшілігіне сервистер мен сайт әкімшілігінің жұмыс тәсілін нақты көрсетуі үшін аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімді де жаңартып отыруға тура келеді. Сайт Әкімшілігі аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілген кезде, ол заңды күшіне енбей тұрып, Кірушілердің бұл өзгерістермен танысуына мүмкіндік береді. Егер Пайдалану жөніндегі келісімнің жаңартылған нұсқасы заңды күшіне енгеннен кейін де Кіруші сайттың Өнімін одан әрі қолдана беретін болса, онда жаңартылған нұсқаны ұстануға міндетті. 

 8.6.2. Егер Кіруші Пайдалану жөніндегі келісімнің жаңартылған нұсқасын пайдаланудан бас тартса, онда Сайт Әкімшілігі оның Сайтты қолдануға деген мүмкіндігін жауып тастай алады.

8.6.3. Кірушіге Сайт Әкімшілігінің рұқсатынсыз аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімнің құқықтары мен міндеттерін басқа біреуге беруге болмайды.

8.6.4. Аталмыш Пайдалану жөніндегі келісім бөтен табыс табушыға ешқандай құқық бермейді. Сайт Әкімшілігі сайттың активтері сатылатын, жоғалатын не қосылатын жағдайда, аталмыш Пайдалану жөніндегі келісімнің құқықтары мен міндеттерін "сатып алған" (қосылған) тарапқа еркін түрде тапсыра алады. 

9.     Реквизиттер мен мекенжай

Ақпараттық платформаның толық атауы

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы 

Заңды және нақты мекенжайы:

Алматы қаласы, Керемет 1 шағын ауданы, 6-корпус

Ақпараттық агенттіктің мерзімдік басылымдары мен желі басылымын тіркеуге қою жөніндегі куәлік

 

№ 16894-ИА от 12.02.2018г.

Құқық иесі

 «Bugin Media» ЖШС 

aibek.kuatbai@bugin.kz