Weekend

Шымкентте жастарды жұмыспен қамту ісі қарқынды жүруде

Жастар саясаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір аталмыш сала мамандары жыл басындағы жоспарды артығымен орындап, 4 мыңдай белсенді топқа тұрақты жұмыс орындарына жолдама берген. «Жастар практикасы» да нәтижесіз емес.

Бұл Думан Орынбасардың жасы – 21-де. 2018 жылы орта білім алып, колледжді тәмәмдаған соң жұмыссыз жүрген. 1 жылдан соң арнайы орталыққа тіркеліп, «Жастар практикасы» бойынша тұрақты жұмысқа орналасты. Бүгінде көпқабатты ғимараттарда жедел сатының жайын бақылайды.

Жыл басынан бері 2246 азамат қоғамдық жұмысқа жолданған. Оның 1500-дейі жастар. Бұдан бөлек, мамандар азаматтарды  әлеуметтік жұмыс орындары орналастыруда.

Үшінші мегаполисте «Жастар практикасы» шеңберінде еңбек мекемесіне жолдама алған 3473 азаматтың 280-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Мамандар жыл соңына дейін «Еңбек» бағдарламасы аясында тағы бірқатан белсенді топқа жолдама бермек. Бұл өз кезегінде«Жастар жылында» белсенді топатың  басты проблемасын шешуге мол мүмкіндік болып отыр.