Bugin

Алматыда балалар тау шаңғысын тебуді тегін үйренеді

Алматы қаласы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығу 2-31 желтоқсан аралығында жүреді. Балалар бір айда білікті нұсқаушылардан төрт сабақ алады. Жаттығудың ұзақтығы – 60 минут. Бірінші ауысым 8:00-де басталса, екінші ауысым 14:00-де басталады. Ұйымдастырушылар балаларды тау курортына өздері апарады және шаңғы, таяқ, етік пен шлем сияқты жабдықтарды алып береді.

Жаттығуға былай тіркелуге болады:

1) almatysporty.kz сайты арқылы;

2) Бөгенбай батыр көшесі, 66, а-үй мекенжайы арқылы;

3) info@arnage.kz электрон поштасына хат жіберу арқылы;

4) +7 (707) 245 7255 WhatsApp нөмірі арқылы.

Қажет құжат тізімі:

Ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі және баланың туу туралы куәлігі (2 көшірме).

Отбасының әлеуметтік статусын растайтын (көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен) құжат, анықтама.
Қазір тұрып жатқан мекенжай анықтамасы, телефон нөмірі.

Баланың мектепте қай ауысымда оқитынын көрсету керек.

Тау шаңғысын тегін үйрету жаттығуына қатысты сауалдарды 8 (727) 291 3324; +7 (707) 245 7255 (WhatsApp); +7 (707) 343 9677; +7 (778) 352 6141 нөмірлеріне хабарласып, білуге болады.