Bugin
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы әлеуметтік мақсаттағы 28 гвардияшы-панфиловшы, Тұңғыш Президент саябақтарындағы, MART ойын-сауық орталығындағы және Наурызбай мен Түрксіб аудандарындағы мұзайдындардың дайындық жұмысымен танысты
Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала басшысы мұзайдандардағы мұздың сапасы мен ілеспе сервис инфрақұрылымын жақсарту туралы бірқатар ескерту жасады.
Мұздың сапасын ретке келтіріп, конькиді жалға беру мен тамақтанатын орындарды дұрыс жолға қойып, демалу орындары мен санитарлық аймақтарды ойластыру керек. Мұз айдыны кез келген жастағы келушілер үшін қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс. Әлеуметтік мақсатта болса, ол сапасыз жасау деген сөз емес, – деді қала басшысы.
Мұзайдындардың жалпы ауданы 12 мың шаршы метр. Алаңдағы мұз ауа райының суып-жылуына тәуелді болмайды. Олар арнайы жүйемен салқындатылады. 28 гвардияшы-панфиловшы мен Тұңғыш Президент саябақтарындағы мұзайдыны мұз алаңдары түрінде жасалған.