Саясат
Бұл - Алматы әкімінің Наурызбай ауданының тұрғындарымен үшінші рет кездесуі. Бұған дейін әкім Түрксіб пен Алатау аудандарында кездесу өткізді
Қала басшысы өзекті мәселелер кешенді түрде шешілетінін айтты.
Ауызсу сияқты мәселені шешуге біршама уақыт керек. Бірден шешіле салмайды. Бұл проблеманы шешу үшін “Үлкен Алматы” жобасын қолға алғанымыз бекер емес. Жобаға жылда 800 миллиард теңге бөлуді жоспарла отырмыз, – деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Әкім көшелерді жарықтандыру жұмысының оңтайланғанын да айтты.
Осыған дейін 260 көшеге шам орнаттық. Келер жылы қаладағы жарыққа қатысты бар проблеманы түбегейлі шешеміз, – деді Бақытжан Сағынтаев.
Әкім қаладағы мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығына қатысты да мәселелерге тоқталды. Келер жылы жаңа 8 мектеп қолданысқа беріледі.
Осы қарқынмен 3-5 жылдың айналасында Алматы мектептеріндегі орын тапшылығын жоямыз. Қазір 3-6 жас аралығындағы балалардың 84%-і балабақшаға орналаса алмай жүр. Өйткені орын жоқ. Осы мәселені шешу үшін жеке инвесторлармен бірге 400 балабақша ашуды жоспарлап отырмыз, – деді қала басшысы.