Weekend
Мұны мәдениет басқармасы ұсынып отыр
2020 жылы Шымкент – ТМД-нің мәдени астанасы. Соған орай Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасы әкімдікке Euronews-пен ("мәдениет" айдарында) бірлескен репортаж жасауды ұсынып отыр.
- "Шымкент - Достастықтың мәдени астанасы" атты жаңа мәртебеге ие болған қаланың 2020 жылға арналған жоспары туралы әлемге фото және видео материалдар бар репортаж баяндайды, - деп хабарлайды басқарма.
Сюжетте қаланың өзіндік ерекшелігі, көрікті жерлері, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері көрсетіледі. Басқарма мамандарының ойынша, Шымкент қаласының түпнұсқалығы және оның ашық түстері шетелдік туристерді бей-жай қалдырмайды.