Bugin

Шымкент қаласына 2022 жылға дейін толық газ тартылады

Елді мекендер қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан парламенті 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті. Ел парламенті мақұлдаған бюджетте Қазақстанның оңтүстік аймақтарына газ тарту жұмысын қолға алу қарастырылған.

Атап айтар болсақ, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласын газдандыруға 17,1 миллиард теңге қарастырылған.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласының 5 мыңға жуық халқы көгілдір отынға қолы жетіп отыр. Шымкент қаласы газ тарату желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстары басталған Қазақстандағы ғана емес, бүкіл ТМД аумағындағы алғашқы қалалардың бірі. Жаңғырту жұмыстары елімізде Шымкентпен қатар, тек Тараз шаһарында ғана іске асты.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аясында қазіргі таңда Шымкентте елді мекендер мен шағынаудандарды газбен қамту жұмыстары қарқын алған.

Шымкент қаласына қарасты 81 шағынаудан мен елді мекен болса, соның 72-не табиғи газ құбырлары мемлекеттің тарапынан жүргізілген. Қалған 9 елдімекенді табиғи газ құбырларымен қамтамасыз ету 2022 жылға дейінді жоспарға қойылған.