Саясат

Түрксіб ауданы тұрғындарының қандай мәселесі бар?

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар аудандағы ескі үйлерді бұзу, қоғамдық көліктің тасымалдау сапасы туралы шағым айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда, шамамен мыңға жуық ескі үй бар. Соның жартысы Түрксіб ауданында. Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ескі үйлер" бағдарламасы аясында жаңа үй салу үшін инвесторлар тартылып жатыр. 

Тұрғындардың кейбірі біз ұсынған шартпен келіспегендіктен ескі үйлерді бұзу мәселесі ұзаққа созылып жатыр деді, - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Өмір сүру сапасы бойынша әлемнің үздік 100 қаласының қатарына кіру мақсатында "Алматы-205" даму стратегиясы әзірленген еді. Алматы әкімі бұл мақсатта қаладғы жол мен инфрақұрылым мәселесі шешілетінін айтты.

Бұл мақсатқа жету үшін мегаполисте сапасы бірдей жолдың болуы, жарық пен сумен толық қамтамасыз ету сияқты жол мен инфрақұрылым мәселелерін бірнеше жыл ішінде толық шешеміз. Бір-бірімізді естіп, тыңдай алу үшін екі жаққа да пайдалы осындай кездесуді ұйымдастырып жүрміз. Мәселе бірлесіп жұмыс істегенде ғана шешіледі, - деді Алматы әкімі. 

Түрксіб ауданының тұрғындары қоғамдық көліктің сапасына шағымданды. Барлық бағытты толық қамтамасыз ету үшін қалаға, шамамен мың автобус қажет. Қазіргі кезде қаланың тасымалдаушылары ай сайын автопарктерді жаңартып, жаңа автобустарды желіге шығарып жатыр.