Саясат

Бақытжан Сағынтаев: Бұзақылар полицияның барын сезінуі керек

Алматы әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде азаматтардың қауіпсіздігі мәселесіне қатысты қолға алынған шараларға тоқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауданда 3 модульді полиция пункті бар, 5 көше қиылысы мен 5 жаяу жүргіншілер өткеліне "Сергек" апаратты-бағдарламалық кешені орнатылған.

Аудан тұрғындарының өтініші бойынша жылдамдықты азайту туралы белгілер қойылып, ауданда патруль күшейтілген. Жеңіл жүрісті қыздар бақылауға алынған. Бұл шаралар аудандағы қылмыстар санын 15,5% азайтып, қылмыстың ашылуын 8,8% ұлғайтқан.

Аудандағы қауіпсіздікті күшейтіп жатқанымызбен 238 мың тұрғын үшін бұл шара әлі аз. Сол себепті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіп сақтау жұмыстары жалғасады, - деді қала басшысы Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев жаяу жүргіншілер өткеліндегі бұзылған құрылыстар туралы тұрғындардың сұрағына да жауап берді.

Адамдарға камералар да әсер етпесе, онда бақылауды күшейту керек. Бұзақылар полицияның барын сезінуі керек. Ұсталғандарды жиі көрсетіп отырған жөн, - деді Алматы әкімі.