Bugin
Бұл тапсырманы Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданы әкіміне берді
Осыған дейін Нұршашқан ықшамауданында салынатын медициналық пунктінің тиісті құжаттарының өзі келер жылға қалған болатын. Бірақ Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде қала басшысы қажет әлеуметтік нысанды қолданысқа жедел беруді тапсырды.
Аудан әкімі Павел Кулагин тұрғындардың игілігіне жасалып жатқан біршама істі баяндады.
Тұрғындардың қойған сұрақтарына жеке-жеке тоқталып, мүмкіндігінше шешіп жатырмыз. Биыл көгілдір отынды 50% жеңілдікпен тағы 17 отбасы алады. Ескі үйлерді бұзу бойынша да ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жұртшылықтың көбі сұраған спорт және ойын алаңдарының жайы да назарымызда. Биылдың өзінде 24-ін аштық, - деді Павел Кулагин.
Айта кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр. Жиында халықтың басым бөлігі қоғамдық көлік, жол салу, әлеуметтік мекемелердің жетіспеушілігі және басқа да мәселелерді көтерді.