Weekend

Тәуелсіздік күні мерекесінде шымкенттік ардагерлер құрметке бөленді

Мәдени шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай қаламыздың ардагерлеріне құрмет көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген ардагерлерді марапаттады.

Үшінші мегаполистің тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамай, ұдайы игі бастамалардың бел ортасында жүрген аға буынның еңбегі ерен екенін айтқан қала басшысы егеменді ел болып қалыптасудағы еңбектерін айрықша бағалайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Бекназаров, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Ташқараев, «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов те бірқатар еңбек ардагерлерін марапаттады.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері сынды қаладағы 300-ге жуық ардагер мерекелік дастархан басында Тәуелсіздікке дейінгі өмірлерін еске алып, бүгінде ұрпағы бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанына қуанатынын айтты.