Weekend

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіздік мерекесін атап өтті

Мәдени шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіздік мерекесін атап өтті. Жиын барысында ел егемендігі мен бірлігін нығайтуға ат салысқан бірқатар азаматтар марапатқа ие болды.

Кеңес мүшелері жыл басынан бері мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында 135 кездесу өткізген. Түрлі этнос өкілдері тұратын шағынаудандар мен тұрғын  алаптарында мақсатты жұмыстар жүргізді.  

Бүгінге дейін мәжіліс отырыстарында құрылыс саласында бюджетті тиімді игеру, медиатор жұмысын жүйелеу,  Арыстағы апатта зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесі қаралып, ұтымды ұйымдастырылды. Жиында тәуелсіздік жылдарынан бері еткен еңбек пен жеткен жетістіктер дәріптеліп, болашақты жарқын ету тұрғысында әңгіме өрбіді.