Weekend

Шымкент университетінде жастар құрған театр қойылым қойды

Мәдени шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азаматтық қоғамы қалыптасқан кез-келген мемлекетте – тәуелсіздік күнінен асқан ұлық мереке жоқ. Осы қағиданы ұстанған Шымкенттегі іргелі оқу орындарының бірі Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұжымы да аталмыш датаны жоғары деңгейде атап өтті. 


Жастардың бастамасымен құрылған театр желтоқсан оқиғасын үлкен ықыласпен сахналады.

Дәл осы 1986 жылғы «желтоқсан» оқиғасы университет сахнасында жыл сайын қойылады. Ондағы мақсат - жастарды тарихи оқиғалардан хабардар ету. Әрі ұлтжандылыққа тәрбиелеу болатын.

- Тәуелсіздік ата-бабаларымыз аңсаған мүдделердің бірі. Қазіргі таңда біз тәуелсіз елміз. 28 жыл өтті. 28 жасқа келдік. Жас мемлекетіміздің жастары болашақ республикамыздың болашағына, оның мәңгілік болуына қаншама мүскіндіктер жасалып жатұан мемлекетте өмір сүруде, - дейді Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенті Бейсейіт Әшірбекұлы.