Саясат
Америкалық тарап КХДР-ға Стокгольмдағы келіссөздерді жалғастырғысы келетіні туралы хабарлады
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Солтүстік Кореяға 2019 жылдың қазан айында өткен Стокгольмдағы келіссөздерді қалпына келтіру туралы ұсынысын жолдады, деп хабарлайды Axios.
- Біз Солтүстік Корея тарапымен байланысқа түсіп, Стокгольмдағы келіссөздерді жалғастырғымыз келетіні туралы мәлімдеме жасадық. КХДР президенті Ким Чен Ынның ядролық қарусыздану туралы уәдесі орындалуы үшін біз келіссөздерді жолға қайтарғымыз келетінін әр түрлі арналар арқылы жеткізуге тырыстық, - деді Президенттің ішкі қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Роберт О Брайан.
Трамптың кеңесшісі сонымен қатар Ким Чен Ынның әлі күнге дейін Вашингтонға уәде еткен «Рождестволық сыйлығын» жеткізбегені туралы «оптимизммен абайлап» атап өтті.
- Ким Рождестволық сыйлық жіберуге уәде берген болатын. Президент оған ваза жіберетін шығар деп болжады. Алайда біз не ваза, не басқа сыйлық алған жоқпыз. Мұны біз позитивті бағалаймыз, - деді Роберт О Брайан.