Bugin
Тағы төрт аралға қауіп төніп тұр
Индонезияның Оңтүстік Суматра провинциясының құрамына кіретін екі арал теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты су астында қалды. Бұл туралы «Қоршаған ортаны қорғау форумы» жергілікті ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасап The Straits Times газеті хабарлайды.
- Қазіргі уақытта Бетет және Гундул аралдары теңіз деңгейінен 1-3 метр төмен орналасқан, - деді үкіметтік емес ұйымның басшысы Хайрул Собри.
Оның пайымдауынша, егер шұғыл шара қолданылмаса, осы провинция құрамына кіретін тағы аралға қауіп төнуде. Сарапшының айтуынша, Бурунг аралы қазірдің өзінде нөлдік белгіде, Калонг пен Салах Намао су бетінен екі метр биіктікте, ал Крамат аралы – судан 3 метр биіктікте. Сарапшы су астына кеткен Бетет аралында бұрын ЮНЕСКО мойындаған ұлттық қорық болғандығын айтып өтті.