Weekend

Стив Джобс: Бақытты болу үшін көп нәрсенің соңынан жүгірме

Apple-дің атасынан бірер сөз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 «Apple» компаниясы мен «Pixar» киностудиясының негізін салушы, аты әлемге мәшһүр Стив Джобстың технология саласындағы еңбегі ұшан-теңіз. 56 жылдық ғұмырында таңдай қағарлық талай жетістікке жеткен оның кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.

1.                    Сенің уақытың шектеулі. Сондықтан оны біреудің өміріндей сүрме. Өзіңмен-өзің бол! Әлем сенің қарым-қабілетіңе мұқтаж. Біреудің көшірмесі болуға тырысу саған көмектеспейді. Сен керемет жаратылыссың және сенде тек сен орындай алатын мақсат бар. 

2.                    Өзгелердің айқай-шуының ішкі дауысыңды тұншықтыруына жол берме. Егер сенің мақсатың басқаларға жағу болса, үнемі сәтсіздікке ұшырап отырасың. Сен ешқашан бәрін бақытты ете алмайсың. Шабыттандыратын сенімің мен үмітіңді өлтіріп алма.

3.                    Жетістікке жеткен адамдар мен жолда қалған адамдардың айырмасы – табандылықтың бар-жоқтығында ғана. Бәрі дерлік мақсаттың жолында артық жол жүргендігін айтады. Сондай жол жүріп келгенде «Бұл жерде ешкім жоқ. Мен неге мұнда жүрмін?» деп ойлап, өзі жүріп келген жолдан кері қайтады. Ал, шынында, артық жол – мүмкіндіктің нақ өзі. Ертерек жет. Ұзағырақ қал. Қосымша қоңырау шал, почтаға қосымша хат жібер. Қосымша ізденіс жүргіз. Қызметкерлерге нені жасау керектігін ғана айтып қоймай, қалай жасау керектігін де олармен иық тірестіре жұмыс жасай жүріп көрсет. Әр жолы қосымша іс жасауға тырыс. Әсіресе, өзгелер ол қосымша істі жасамайтын болса, сен жаса. Әрине, бұл – қиын іс. Бірақ уақыт өте келе бұл сені үздік етеді.

4.                    Менің бұл өмірдегі ең жақсы көретін заттарым ақшамен бағаланбайды. Бәрімізде бар ең қымбат, ең құнды ресурс – уақыт. Уақыт көп жағдайда параметр қояды. Бірақ, ол жақсы өлшем емес. Екі апталық тапсырма алған адам сол жұмысты екі аптада бітіруге тырысып бағады. Тапсырмалар қанша уақытты қажет етсе, сонша уақытта орындалуы тиіс. Әр нәрсені жылдам әрі әсерлі етіп жасауға тырыс. Артылған уақытты өзге істі солай тындыруға жұмса. Қарапайым адамдар уақытқа жұмыс жасайды, ерекше адамдар уақытты өзіне жұмыс жасатқызады.

5.                     Apple-ға оралмағанымның себебі – байығым келді. 25 жасымда менің жеке капиталымда 100 миллион доллар болған еді. Сол кезде бұл нәрсенің менің өмірімді құртуына жол бермеймін деп шештім. Мен байлықты ақылдың өлшемі деп қарамаймын. Ақша маңызды. Ақшаның күшімен көп нәрсе жасауға болады. Бірақ, шамамен 75000 доллар жылдық табыстан соң ақша адамдарға артық-кем бақыт сыйлай алмайды. Ұлттық академиялық еңбектегі зерттеуде: «75000 доллар немесе одан көп табыс бақытқа апаратын немесе бақытсыздық пен күйзелістен құтқаратын жол емес»,-деп жазылған. Материалдық дүниеге әуестік пен өмірге көңілі толу – бір-бірімен кереғар ұғымдар. Мұны үлкен үй синдромымен түсініп көр. Сен үлкен үйде тұрғың келеді. Саған үлкен үй қажет. Ақырында оны сатып алдың делік. Өмір керемет. Бірақ, уақыттың өтуімен сол үлкен үй әуелгі өз үйің секілді болмай қалады. Жаңа нәрсе сол қалпында ғана көз қуантарлық. Өйткені, заттар адамға тек сәттік бақыт сыйлайды. Бақытты болу үшін көп нәрсенің соңынан жүгірме. Тәжірибенің соңынан ілес. Күндердің сырғуымен сен өзінде не болғанын білмеуің мүмкін. Бірақ, сен өзің жасаған дүниені ешқашан ұмытпайсың!