Weekend

Бір саудагердің себебімен Исламды қабылдаған мемлекет

Аралдардан тұратын алпауыт мемлекеттің тарихынан бір үзік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жер көлемі жөнінен 14-ші орынға тұрақтаған Индонезияда 266 млн адам тұрады. Халқының саны жөнінен Қытай, Үндістан, АҚШ-тан кейінгі 3-ші орында. Ислам діні бұл елде саудагерлер мен көпестер арқылы ХІІІ-ХV ғасырлардан бастап насихаттала бастаған. Бүгінде халқының 88%-ы, дәлірек айтсақ 202 млн адам осы дінді ұстанады. Индонезияға Ислам дінінің таралуы туралы қызықты дерек бар.

«Ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп қазақ айтпақшы саудасын дөңгелету мақсатында Индонезияға келген көпес осында бұрын-соңды болмаған мата сатумен айналысады. Оның ұсынған тауары көпшіліктің көңілінен шығып, халық арасынан сұраныс көп түсіп жатқанына қарамастан саудагер қызыл ақшаға құнықпай, тапқан табысын қанағат етіп жүріпті. Бір күні дүкеніне келген ол әдеттегі кірістен тым көп пайда тапқанын көріп сауадегерді шақыртып, мұның мәнісін сұрайды. Саудагер көпеске жәрдемдеспек болып, сапалы тауарды одан қымбатырақ бағалап, пайда табуды ойлаған екен. Оның бұл ісіне қынжылған көпес әлгі сатып алған адамды тауып әкелуді тапсырады. Түр-түсі есінде қалғандықтан саудагер сатып алушыны оңай табады. Мән-жайды түсіндірген көпес артық ақшаны сатып алушыға қайтарып беріп, болған жайт үшін кешірім өтінеді. Бұл оқиға көп өтпей-ақ қала ішінде тез таралып, патшаның құлағыны да жеткен екен. Патша әлгі көпесті құзырына шақыртып:

- Бізде бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес. Бұлай етуіңнің себебі не?-деп сұрайды. Көпес:

- Патшам, мен мұсылманмын. Біздің қолымыздағы әрбір зат – аманат. Сондай-ақ Исламда адамдарға зияны болатын барлық келісімдерге, өсімге тыйым салынған. Бұл саудада мен келісімді бұздым. Сондықтан бар болғаны өз қатемді түзедім,-деп жауап береді.

Саудагердің сөзінен Исламға деген ерекше қызығушылығы оянған патша одан дін туралы, мұсылмандық туралы егжей-тегжейлі сұрап, сол жерде Исламды қабылдайды. Халық та көп өтпестен мұсылмандыққа өткен екен.