Әлем жаңалықтары
33-тен астам мемлекет пластик пакеттерге толық тыйым салды
23 қаңтарда Литва Жеңіл пластик пакеттерді қолдануға тыйым салу туралы шешімді қабылдады. Депутаттар оларды таратқан үшін 30 евродан 5000 евроға дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік енгізетінін шешті.
Литвада заңды тұлғаларға, яғни, дүкендердің, супермаркеттердің иелеріне тұтынушыларға жеңіл пластик пакеттерін таратса қомақты соммада айыппұл салатын болады.
Аталғандай айыппұлдар салу жоспарлануда:
Пластикалық пакеттер сататын адамдарға ескерту ретінде 30-60 еуро;
100-ден 200 еуроға дейін пакеттерді сататын заңды тұлғалар төлейді;
Жеңіл пластик пакеттерді тегін таратқаны үшін 1-ден 3 мың еуроға дейін айыппұл жазылады;
Бірнеше рет заң бұзғаны үшін айыппұл үлкен болады - 3000-нан 5000 еуроға дейін.
Литвада 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңіл пластикалық пакеттерді сатып алуға, тегін таратуға тыйым күшіне енген. Алайда айыппұл 2020 жылы енгізілді, сондықтан сатушыларға бейімделуге уақыт болды.
Қабырғасының қалыңдығы 15-50 мкм болатын пластикалық пакеттерге тыйым салынады. Бұл супермаркеттерде таратылатын немесе сатылатын көптеген пакеттердің түрі;
Қалыңдығы 15 микронға дейінгі пластикалық пакеттерді таратуға болады;
33-тен астам мемлекет пластик пакеттерге толық тыйым салды, ал 53 елде пластикалық пакеттерді қолдануға ішінара тыйым немесе үлкен салық енгізілген.
1994 жылы Дания полиэтилен пакеттерін өндірушілерге салық сала бастады;
Мұндай пакеттерге 2002 жылы тыйым салған алғашқы ел - Бангладеш;
2011 жылы Италия ЕО елдері арасында бірінші болып пластикалық пакеттерге тыйым салды;
Грузия пластикалық пакеттердің айналымын 15 мкм қалыңдығымен шектеді;
Нидерланды мен Исландияда салықтан басқа, осы пакеттерді тегін таратуға тыйым салынады;
Ирландия 2013 жылы полиэтилен пакеттеріне 22 еуроценттік мөлшерлеме бойынша салық салды - келесі жылы олардың сұранысы 90% төмендеді;
Тағы 8 елдің супермаркет желісінде мұндай пакеттерді пайдалануды азайту бойынша ерікті бастамалар қолға алынды. Мысалы, Сингапур мен Австрияда;
2020 жылдың басынан бастап Мексиканың астанасы Мехикода пластикалық пакеттерге тыйым салынды.
Пластикалық қаптан толығымен бас тартқан 23 ел: Эритрея, Эфиопия, Кения, Уганда, Руанда, Мозамбик, Камерун, Нигер, Буркина-Фасо, Бенин, Кабо-Верде, Кот-д'Ивуар, Мавритания, Марокко, Франция, Панама, Гайана, Гаити, Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Моңғолия және Папуа-Жаңа Гвинея.