Экономика

Қырғызстан: Қазақстанды Еуразиялық Экономикалық Одақтан шығаруды талап ететін боламыз

Кедендегі заңсыздық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан мен Қырғызстан арасында Еуразиялық Экономикалық Одақтың жұмысына қатысты көп келіспеушіліктер болып кетті. 

Қырғызстан Парламентінде экономика комитетінің жұмысына қатысты жиын барысында депутат Азамат Арапбаев Қазақстан жасап отырған заңсыз әрекеттерге шағымданған. Қазақстанның салық және кеден қызметкерлері нағыз мафия жүйесін құрып, қырғыз кәсіпкерлерінен ақша бопсалайтынын айтқан. Бұл туралы ресейлік Regnum басылымы жазды.

Депутаттың айтуы бойынша қырғыз кәсіпкерлері тауарлары Ресейге өтуі үшін 500 -1000 доллар аралығында пара беруге тиіс екен. 

- Егер Қазақстан бұл жағдайды реттемесе, онда біз Қазақстанды Еуразиялық Экономикалық Одақтан шығарып тастауды талап ететін боламыз, — деді депутат Арапбаев.