Әлем жаңалықтары
Денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, өзге де сақтық шаралары қажет
Медициналық маска 2019-nCoV коронавирусынан қорғамайды, бірақ жұқтырудың алдын алдын алуы мүмкін. Мұны Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Женевада өткен жиында мәлімдеді.
"Медициналық масканы кию респираторлық ауруды шектеуге көмектеседі. Алайда бір ғана масканы пайдалану инфекциядан қорғауға кепілдік бермейді және қол гигиенасы мен респираторлық гигиенаны қоса алғанда, басқа да алдын алу шаралары да жасалуы тиіс", - деді ДДҰ.
"Респираторлық гигиена" дегеніміз - өзіңді адамдардан барынша алыста ұстау. Шамамен, 1 метрдей алшақ жүрген абзал.
Ұйым"бағалы ресурстарды қажетсіз жұмсаудан" аулақ болу үшін, масканы "ұтымды" пайдалануға кеңес берді.