Bugin
Сыйақы мөлшері 90 миллион теңгеге жетті
Пара бергендерді хабарлап айтқан қазақстандықтар 90 миллион теңге алды.
Соңғы үш жылда пара бергендер жайлы тиісті органдарға 708 адам хабар берген. Көшті бастап тұрған елді мекендердің алдыңғы қатарында Оңтүстік өңірі екен.
Параның сомасына қарай хабар бергендердің сыйақы мөлшері анықталады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаменттінің бас сарапшысы Ерік Бишібековтың айтуынша қәзіргі таңда ескі жүйе бойынша сыйақы мөлшерін береді екен. Ол деген орташа ауырлықтағы қылмыстық істің сыйақ мөлшері 40 АЕК, ал аса ауыр қылмыстың істің сыйақы мөлшері 100 АЕК-ке жетуі мүмкін.