Спорт

Әлеуметтік желіде жазылушылары көп футболшылар кімдер?

Желідегі танымалдық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде әлеуметтік желі халық пен тұлғалардың арасын жақындатып жібергені баршаға аян. Бұрындары газет-журналдан немесе теледидардан ғана көрсек, қазір олардың бүкіл өмірін әлеуметтік желі арқылы білеміз. Желіде әншілер мен әртістер ғана көп лайк жинамайды. Шоу-бизнес өкілдерінен спорт жұлдыздары да қалыспайды. Оның ішінде футбол жұлдыздарының бәсі жоғары. Біз әлеуметтік желіде ең көп жазылушысы бар (ТОП-10) футболшылардың тізімін жасап көрдік. Тіпті, оларға жазылғандар саны бірнеше мемлекеттің халқынан көп екенін көріп еріксіз таңғаласыз.

 

1. Криштиану Роналду: 348,2 млн 
(120,74 – Facebook | 151,36 – Instagram | 76,1 – Twitter);
 
2. Неймар: 211,4 млн 
(59,9 – Facebook | 109,5 – Instagram | 42 – Twitter);
 
3. Лионель Месси: 194,71 млн 
(88,49 – Facebook | 106,22 – Instagram);
 
4. Хамес Родригес: 91,31 млн 
(32,28 – Facebook | 41 – Instagram | 18,03 – Twitter);
 
5. Гарет Бэйл: 84,32 млн 
(28,28 – Facebook | 38,32 – Instagram | 17,72 – Twitter);
 
6. Андрес Иньеста: 77,68 млн 
(26,33 – Facebook | 27,57 – Instagram | 23,78 – Twitter);
 
7. Месут Озил: 73,2 млн 
(30,82 – Facebook | 18,73 – Instagram | 23,65 – Twitter);
 
8. Серхио Рамос: 68,62 млн 
(23,36 – Facebook | 29,58 – Instagram | 15,68 – Twitter);
 
9. Златан Ибрагимович 67,69 млн 
(26,09 – Facebook | 36,05 – Instagram | 5,55 – Twitter);
 
10. Луис Суарес: 65,5 млн 
(18,58 – Facebook | 31,59 – Instagram | 15,33 – Twitter).