Weekend

Олжас Сүлейменовтің жиенінің қазасы: Мұхитоваға қатысты қандай шешім шықты?

Сот бұған дейін шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендір Сүлейменовтің қазасына байланысты Астана қалалық сотында апелляциялық алқаның шешімі шықты. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

"Іс материалдарын зерделей келе, сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдыруды шешті", — деп мәлімдеді апеллциялық шешімді оқыған судья Әсем Рамазанова.

Судья аудандық соттың шешімі әділдіктің барлық қағидатына толығымен жауап беретінін атап өтті.

Еске сала кетсек, жол апаты 2018 жылдың 22 маусымында Астанадағы Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болды. 29 жастағы Малика Мұхитова мотоциклмен келе жатқан Ескендір Сүлейменовті қағып кетті. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы жиені оқиға орнында көз жұмды.

Қараша айының ортасында Малика Мұхитова ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен ол қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейінірек сотталушының адвокаты Дмитрий Куряченко сот үкіміне шағым түсірді. Апелляциялық шағым бойынша судья Әсем Рамазанованың төрағалығымен үш сот отырысы өтті.

Марқұмның атасы, белгілі ақын Олжас Сүлейменов отбасының үлкені ретінде Мұхитованың жазасын жеңілдету туралы өтінішпен сотқа екі рет жүгінді. Алайда Сүлейменовтің екі хаты да іс материалдарына жеке адамның пікірі ретінде қосылды. Жас жігіттің ата-анасы соттан үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.